Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 26 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Тарих сабақтарында видеороликтер жасау және ресурстарға қойылатын талаптар» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе қаласы №60 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпазы Тобылбаев Еркин Темиржанович «Тарих сабағында қолданылатын тапсырмалар мен ресурстарға қойылатын талаптар» туралы баяндама жасады. Ал практикалық бөлімде  Қарғалы ауданы, В.Пацаев ат.орта мектептің тарих пәні мұғалімі Нуртанов Кайсар Бердигалиевич «Видеороликтер жасау әдістемесі және оның монетизациясы» тақырыбында және Тобылбаев Еркин Темиржанович «Тарихи концептілер  негізінде оқытудың  күтілетін нәтижелеріне сай құрастырылған видеороликтерді қолдану тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тарихи концептілер негізінде оқытудың күтілетін нәтижелеріне сай бейнероликтерді қолдану бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатын көздеген семинар өз деңгейінде өтті.  

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1