2022 жылдың 9 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Оқырмандық құзыреттілікті қалыптастыру бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс жүйесі» атты облыстық семинар-практикум zoom платформасы арқылы өткізілді. Семинар-практикумға 74 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Семинарды облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана Жубаева ашты.

Алғы сөзбен Ақтөбе қаласының №3 орта мектебінің директоры Шолпан Умирзакова сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

Сонымен қатар директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгуль Кушкенова «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылу жолдарымен таныстырды.

 Аталған іс-шараның теориялық бөлімінде № 3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі, педагог-зерттеуші Жадыра Бисенова «Бастауыш сынып оқушыларының оқырман іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында презентация жасап, бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жұмысын көрсетті.

Практикалық бөлімінде мектеп мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Айгуль Кушкенова, Айгуль Батенова, Айнур Алгажанова және Балауса Мусаева кітаппен жұмысты жетілдіру бойынша жұмыс тәжірибесімен және оқуды дамыту дағдыларымен бөлісіп, әдебиеттік оқу сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Семинар соңында мектеп психологі Анара Бекенова қатысушы педагогтермен «Тик-так» ойынын өткізсе, қорытынды бөлімінде қатысушы мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері О.Жубаева.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1