Орталықтың жылдық жоспарына сәйкес  7 ақпан күні информатика пәні мұғалімдеріне «Python бағдарламалау тілі бойынша оқыту» тақырыбында онлайн облыстық семинар-практикумы ұйымдастырылды.

Семинар ашылуында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Скакова Жемис Бердигалиевна, оқу бағдарламасындағы жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталғандығын, мектеп бағдарламасы шеңберінде бұрын Паскаль тілі, Си бағдарламалау тілдері оқытылса, ал қазір ең танымал Python бағдарламалау тіліне назар аударылғандығына тоқталды.

Аталған шарада Ақтөбе қаласы, жалпы білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі, техника ғылымдарының магистрі Домаков Ержан Тұрсынбекұлы  «Python» бағдарламалау тілінде жұмыс істеуді және есептерді шешудің тиімді жолдарын көрсете отырып, информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған семинарда өз тәжірибесімен бөлісті.

 Семинар барысында мектеп бағдарламасындағы  өзекті тақырыптар қозғалды: файлдармен жұмыс, файлдан оқу, файлға жазу, текстік файлдар, екілік (бинарлы) файлдар (7 сынып); циклді алгоритмдерді бағдарламалау, циклді басқару(8 сынып); тізімдерді қолдану, элементтер орнын алмастыру, сұрыптау  (9 сынып);

Жұмыс барысында Ержан Тұрсынбекұлы  теориялық білімді практикада қолданудың оңтайлы жолдарына тоқталып,  күрделілігі әр түрлі есептерді «Python» бағдарламалау тілінде шығару жолдарын көрсетті және тиімді әдіс-тәсілдерін  түсіндірді.    

Белсенді, әрі мазмұнды өткен облыстық семинарда қатысушылар «Ашық микрофон» арқылы кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салды және қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Сондай-ақ тыңдаушылар алдағы уақытта «Python бағдарламау тілін» тереңдетіп оқыту курсының ұйымдастырылуын сұрады.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1