2022 жылғы 4 - ақпанда онлайн тәртібінде математика және физика пәндерінен «Цифрлық білім беру ресурстарын математика және физика сабақтарында қолдану» тақырыбында М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімдерінің қатысуымен облыстық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға барлық аудандардан 80 – нен аса математика және физика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

Ғ. Байсейтова ашты.

Семинар барысында «Цифрлық білім беру ресурстарын қашықтықтан оқыту үдерісінде қолдану» тақырыбында М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің директоры Ж.Т. Жанайдаров баяндама жасады.

Облыстық семинарда математика пәні мұғалімі А.А. Алишева «Пирамида және оның элементтері», физика пәні мұғалімі А.Ж.Мазинова «Механикалық жұмыс. Энергия», математика пәні мұғалімдері М.О. Каржаубаева, Л.А. Жалгасова «Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.

Физика пәні мұғалімі Г.С. Абишева «Жарықтың интерференция және дифракция құбылыстарын бақылау» тақырыбында зертханалық жұмыс көрсетсе, математика пәні мұғалімдері А.С.Усенова, Ұ.Ғ Шадина «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруда цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия. Қорытындылау бөлімінде қатысушылармен кері байланыс жасалып, мұғалімдер өзара пікір алмасты.

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің әдіскері                                                                                                 Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1