Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2022 жылдық жоспарына сәйкес 3 ақпанда облыстық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған «Педагог-психолог имиджі, ораторлық шеберлік» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Осы шараны Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ж.А.Исатаева алғы сөзімен ашты.
Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, магистр М.К.Жубандыкова ораторлық шеберліктің қалыптастыру негіздерін атап өтті. Сонымен қатар, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы, магистр А.Тоқсанбаева «ораторлық шеберліктің 10 қағидасы» тақырыбында, әдіскер-психолог М. Жасжанова «имидждің қалыптасуы, проактив болу моделі» тақырыптарында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерін жүргізді.
Семинар соңында облыстық педагог-психологтар кері байланыстарымен бөлісті және осы тақырып бойынша қатысушыларға сертификат берді.