2022 жылы 2-ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп-лицейінің бастауыш класс мұғалімі, «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпазы Қыстаубаева Дәмежан Мырзағалиқызының «Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қолданатын әдістер»  тақырыбында шебер-класы болып өтті.

Аталған шараға облыстың 100 ге жуық бастауыш класс мұғалімдері қатысты.

Шеберлік сағаты функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мұғалімнің іс-тәжірбиесімен бөлісу, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейту, ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау мақсатын көздеді.

Дәмежан Мырзағалиқызы шебер-класс барысында оқу сауаттылығын арттырудың «Монофон», «Уақыт сызығы», «Сұраққа жетіп ал» т.б түрлі әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, қатысушылармен бірлесе  жұмыс жасады.   

Шара соңында  «Кері байланыс сэндвичі»  әдісі арқылы кері байланыс жасалып, қатысушылар көкейлеріндегі  мәселелер төңірегінде еркін пікір алмасты.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығыныі әдіскері С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1