2022 жылғы 1-ақпанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай онлайн тәртібінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Математикадағы кейбір күрделі тақырыптарды оқытудың тиімді жолдары мен әдістері» тақырыбында облыстық семинар – практикумы ұйымдастырылды.
Семинарға барлық аудандардан 60 – тан аса математика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі
Есалина Айзада Піралықызы «Функцияның қасиеттерін есептер шығаруда қолдану» тақырыбында шебер класс, Зейнулла Рахметулла Айділдаұлы «Геометриядағы қиындығы жоғары есептерді шығаруға арналған теоремалар» тақырыбында практикалық сабақ көрсетті.
Сонымен қатар Жолмағанбет Ақерке Әділханқызы «Геометрияны оқытуда «Geogebra» бағдарламасының тиімділігі» тақырыбында панорамалақ сабақ көрсетсе, Биржанова Аслай Абаевна «Мәтінді есептерді шығару әдістері» тақырыптарында коучинг көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова