2022 жылғы 31 қантарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Ұйымдастырылған оқу қызметінде 4К моделін ойын арқылы жоспарлау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Шараға облыстағы балабақша және мектепалды сыныптарынан 100-ден аса педагог қатысты.
Семинар барысында Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Курмангалиева Мейрамгул Конысбаевна оқу-тәрбие процесінде креативтілік, сыни ойлау дағдыларының мүмкіндіктерін және балаларды дамытуға арналған зияткерлік ойындар, топта пікірталастарды өткізу мен түрлі проблемалық жағдаяттарды тиімді қолданылуын ашып көрсетті. Сонымен қатар перспективалық жоспар мен циклограмма үлгісі ұсынылды.
Семинарда Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері И.Н.Назарова, Ж.А.Акилбекова панорамалық ҰОҚ өткізіп, балалармен бірігіп ойындар арқылы мақсатқа жету қадамдарын 4К моделін кіріктіру жолдары мысалдарымен көрсетті.
Шараға қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың аталған дағдыларын қалыптастыру үшін қолданатын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін практикалық жұмыс түрінде жүзеге асырып, белсенділік танытты. 4К дағдылары туралы ой қозғап, жан-жақты пікір алмасты.
Тәрбиешілер «Үш қадам» әдісі арқылы бүгінгі семинардан алған мәліметтер бойынша болашаққа жоспар құрды. Нақты қандай қадам жасайтындарын бағдарлай отырып, кері байланыс арқылы семинарды қорытындылады.
Мурзагулова М.Т.- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері