Ақтөбе  облыстық  ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 қаңтар күні «Жылдам оқу мен түсініп оқудың тиімділігін арттыратын белсенді оқыту іс-әрекеттері» тақырыбындағы шебер-класқа  облыстың бастауыш  класс мұғалімдері қатысты.

         Шебер-класс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ магистрі  Светлана Жубаева кіріспе  сөзімен  ашылды.

Шеберлік  сағатында  Ақтөбе қаласы №8  орта  мектебінің  бастауыш  класс   мұғалімі,  шебер  класс жетекшісі  Ушкемпирова Сәуле Бекболатқызы  жылдам оқу  мен түсініп оқудың тиімділігін арттыратын әдістер мен сабақта қолданатын ресурстардың  түрлерімен  таныстырды. Теория мен  практиканы ұштастыра   отырып, жылдам  оқу  арқылы  ақпаратты  тез  қабылдауға, зейінді   тұрақтандыруға, есте  сақтау  қабілетін арттыруға,  жады мен  рефлексиялық қабілеттің дамуына  басымдық беретін  «Ассиметриялы жаттығулар»,  «Нейрографика», «Шульте кестесі»,  «Струптест», «Бейнелік жады» сияқты жадыны зерттеу тапсырмалары мен жылдам оқу жылдамдығын арттыратын тиімді тәсілдермен бөлісті. Padlet тақтасымен және заманауи интерактивті  сервистер Wordwall арқылы ойналатын танымдық ойындарды сабақта ұтымды пайдалану жолдарын көрсетті.

Шебер-класс соңында қатысушылар сұрақтарына жауап ұтымды жауап алды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1