Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 31 қаңтарында ZООМ платформасында «Тарих сабағын оқытуда саралау әдісін қолданудың өзектілігі» тақырыбында онлайн-семинар болып өтті. Семинарға облыстың 70-ге жуық тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері А.А.Искендирова және облыстық тарих пәні мұғалімдерінің ассоциация кеңесінің төрағасы Ә.Т.Жұбанышев ашты.

Семинардың бірінші бөлімінде Қобда ауданы Ақырап орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, ассоциация кеңесінің мүшесі Жаканова Гульмира Кайрслановна «Дифференцированный подход в обучении при планировании уроков» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, теориялық тұрғыдан мәліметтер берді. Бастапқыда саралап оқыту, саралаудағы оқыту сияқты негізгі теориялық терминдерге түсінік беріп, топқа бөлу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ тарих сабағында қолдануға болатын түрлі тапсырмалар түрлерін ұсынды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Хромтау қаласы, №4 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бердалина Мариямгул Нурлыбековна «Тарих пәнін оқытуда саралау әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Өтілген сабақтағы саралау әдістерінің тиімді жақтарымен таныстырды. Сабақ барысында топқа бөлу, сабақ мақсаттарына байланысты әрбір оқушының қабілетін ескере отырып саралау жұмыс түрлерінің қолдануын көрсетті. Мектеп оқушыларының тарихты зерделеудегі сараланған тәсілі орта білім берудің қазіргі талаптарына сай келетіндігін және тарихты оқытудың басым әдісі болып табылатындығына тоқталды.

Шара соңында семинар қатысушыларымен «Барлығы сенің қолында» тақырыбына рефлексия өткізді.

А.А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1