Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 27–қаңтар күні «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану сабағын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум болып өтті.

Семинар-практикум жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылды.
Аталған шарада Ақтөбе қаласы Х.Доспанова атындағы №14 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Жаңагүл Оразғалиева мен Айна Иманбаева, Ақтөбе қаласы №40 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Моншақ Төлеуова, Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жанар Насамбаева өзін-өзі тану сабағының құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталып, білім берудің ізгілікке бағыттылығы туралы теориялық мәліметтер беріп өтті.
Қатысушылармен кері байланыс орнатылып, жылы лебіз тілектері орын алды.
Ақтөбе облыстық ғылымми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева
#BBD0E0 »