Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 20–қаңтар күні «Өзін-өзі тану» пәнінің мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, жалпы білім беретін орта мектептерінің мұғалімдеріне, колледж оқытушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялау – ұлттық құндылықтардың ашылу кепілі» тақырыбында семинар-практикум zoom платформасында өткізілді.
Семинар-практикум «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі және пилоттық білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесімен таныстыру, өзін-өзі тану пәнін жүргізуші педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатын көздеді.
Семинар жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана Жубаеваның жетекшілігмен Ақтөбе облысының білім басқармасы «Өзін-өзі тану» және балалар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Амина Нурманованың алғы сөзімен ашылды.
Бұл шарада Ақтөбе қаласы Х.Доспанова атындағы №14 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айна Иманбаева, негізгі білім беру ұйымдарынан: Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Гүлсім Амантаева, Ақтөбе қаласы №7 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Марал Курганбаева, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің өзін - өзі тану пәні оқытушысы Адема Тулеуова, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар коллдежінің педагог-психологі, өзін-өзі тану пәні окытушысы Гулсим Шуйнишибаева өзін-өзі танудың ішкі интеграциясы, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару тақырыптарында таныстырылым жасап, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
Пилоттық білім беру ұйымдарынан: Ақтөбе қаласы №55 орта мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Райхан Сактаганова, Ақтөбе қаласы №51 гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бақытгүл Кәрібаева, Ақтөбе қаласы №15 «Жидек» балабақшасының әдіскері Гулнар Спанова, Ақтөбе қаласы №50 «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиешісі Рыстыгул Курмангалиева өз тәжірибелерін ортаға салды.
Белсенді, әрі мазмұнды өткен облыстық шараға облыстың өзін-өзі тану педагогтері қатысты.
Ақтөбе облыстық ғылымми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева