Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2022 жылдық жоспарына сәйкес облыстық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында онлайн семинар – практикум ұйымдастырылды.

Осы шараны Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ж.Исатаева алғы сөзімен ашты. Сонымен қатар, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы, магистр А.Тоқсанбаева «Z-ғасырындағы жасөспірімдердің жыныстық дамуы» тақырыбында, әдіскер-психолог М.Жасжанова «Репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болуды қалыптастыру, балалардағы жауапкершілік сезімдерін дамыту» тақырыптарында теориялық және практикалық бағытта психологиялық терапиядағы әдіс-тәсілдермен бөлісті. Семинар соңында облыстық педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер алдағы уақытта да осындай шаралар офлайн форматында өткізілсе екен деген, кері байланыстарымен бөлісті. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1