2022 жылғы 27 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіби құзыреттілік – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. 50-ден астам тарих пәні мұғалімдері қатысқан шарада «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпазы, №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтжанова Рита Жасановна өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шебер-класс барысында қатысушылар «Кәсіби құзіреттілік - нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында құзыреттіліктің қалыптасуының 5 шарты бойынша топтарға бөлініп, тапсырмалар орындалды. «Жемісті еңбек - жетістік баспалдағы» атты бейнекөрсетілімде кәсіби жетістікке жету жолдары, электронды портфолионы жинақтау үлгілері көрсетілді. Ал, практикалық бөлімде «FLIPPITY бағдарламасы» арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, Smart технологияларын табысты қолдану туралы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындау, Қазақстан тарихы пәнін табысты оқытудың тиімділігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді өткізу жолдарын көрсету мақсатын көздеген шебер-класс өз деңгейінде өтті.
Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері