Мектепалды даярлықтың сапасын арттыру бойынша облыстық жоспарды іске асыру мақсатында 2022 жылғы 28 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектепалды топтары мен сыныптарының тәрбиешілеріне арналған «Педагогикалық технологиялар-мектепалды даярлық тәжірибесіне» тақырыбында шебер-класс ұйымдастырды.

Шараны Қарғалы ауданы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Божко Вера Ивановна өткізді.

Өз сөзінде ол мнемотехника және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста сәтті қолданылатын квест ойыны сияқты заманауи педагогикалық технологияларға тоқталды. Мнемотехниканы қолданудың көрнекі мысалдары көрсетілді: әңгімелеуге үйрету, өлеңдерді жаттау, сипаттамалық әңгіме құрастыру.

Сондай-ақ, квест – технология туралы айта отырып, Вера Ивановна квесттерді құру принциптерімен, осы тамаша ойынды құрудың түрлері мен алгоритмімен таныстырды.

Шебер-класс барысында қатысушы педагогтер практикалық тапсырмаларды орындап, осы технологиялардың кейбір тәсілдерін бекітті. Вера Ивановна өзінің шебер-класында квест-ойындар мен мнемотехника технологиялары педагогке мектепке дейінгі баланың білім беру кеңістігінің шеңберін кеңейтуге, оқытуды қызықты етуге мүмкіндік беретіндігіне, ең бастысы, педагогикалық оқыту процесі «Мені оқытпайды, мен өзім оқимын» заманауи моделі негізінде жүретініне басты назар аударды.

Шара соңында «Синквейн» технологиясы түрінде рефлексия жүргізілді, пікір алмасып, тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1