«Жеті ойыншық» жобасы аясында 2022 жылғы 26 қаңтарда «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы жан-жақты дамыту» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхана отырысы ұйымдастырылды. Шараға 44 балабақша педагогтері қатысты.

Шеберхананың құрамына кіретін мектепке дейінгі ұйымдардың күш-жігері мен ресурстарын біріктіру арқылы инновациялық жұмыстың сапасын арттыру мақсаты көзделді.

Отырыс барысында Хромтау ауданы №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • балабақша әдіскері С.Т.Есжанова «Жеті ойыншық» авторлық жобасы негізінде арнайы дамытушы ортасының жабдықталуы»;
  • балабақша тәрбиешісі М.Я.Иманбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудегі қолданылатын әдіс-тәсілдер»;
  • музыка жетекшісі А.М.Тулебаева «Ұлттық аспаптар арқылы балаларды шығармашылыққа тәрбиелеу»;
  • балабақша тәрбиешісі А.К.Умирзакова «Баланың сөздік қорын «Тіл дамыту аймағы арқылы дамыту».

Шығармашылық шеберхана отырысының соңында кері байланыс жасалып, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді, сондай-ақ, шығармашылық ізденіске бағыт бағдар алды.

Мурзагулова М.Т.-Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1