Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «New school psychologist – қазіргі қоғамдағы педагог-психолог» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум аясында психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жубандыкова «Педагог-психологтың имиджі» тақырыбында баяндама жасады. Соның ішінде педагог-психологтың бейнесін сипаттап, жағымды әсер қалдыратын сыртқы келбетіне қатысты ұсыныстар берілді.
Бөлімнің әдіскері Б.Т.Колкабаев психология қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, жас мамандардың кәсіби дамуын жалғастыруға серпін берді.
Семинардың практикалық бөлімінде психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері А.С.Картбаева педагог-психологтардың кәсіби дамуында тежейтін шектейтін сенім-нанымдарды танып білу туралы ақпарат беріп және саналы тұрғыда жағымды ұстанымдарға аудару техникаларын ұсынды. Сонымен қатар «Алдаушы» синдромының (синдром Самозванца) маманға тигізетін кері әсерін атап өтіп, шығармашылық ізденіске бағыт бағдар берді.