2022 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Заманауи білім мазмұнына жаңаша көзқарас» облыстық семинар-практикумына 76 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаеваның және Ақтөбе қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Б.Ж.Нуртазинаның кіріспе сөзімен ашылды.
Аталған шараның теориялық бөлімінде «Сабақ барысында SMART технологиясының элементтерін қолдану әдіс-тәсілдері» тақырыбында №62 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері, педагог - зерттеуші М.М. Мақсымқызы және Н.П.Асан бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы арттыру жолдарына арналған шебер класс көрсетіп,іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы педагогтармен Quizizz бағдарламасы онлайн–тест жұмысын жүргізу арқылы, педагогтердің қызығушылығын арттырды.
Семинар-практикумның практикалық бөлімінде аталған мектептің мұғалімдері, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы Қ.Қ.Тұрмағанбетова, Л.О.Искакова, Н.А.Макуова, Г.Т.Бакишева сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдердің қолдану ретін, тиімділігін көрсете отырып, SMART технологияларының тіл сабақтарында қолданудың маңыздылығын атап көрсетті.
Қатысушы педагогтермен «Тамаша идеялар» әдісімен кері байланыс жасалып, өзара ашық сұхбат жүргізілді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева