Бүгін, 2021 жылдың 14 қаңтарында Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен zoom платформасында бастауыш сынып мұғалімі Корышева Наталья Николаевнаның жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларын тиімді оқу техникасын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында шығармашылық шеберхананың отырысы өтті.

Шеберхана жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік  орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі С.О.Жубаева ашты.  Шеберхана қызметі туралы мектеп директоры А .А. Баймағамбетова сөз сөйледі.

Шығармашылық шеберхананың құрамына Ақтөбе облысынан 17 мұғалім кірді.

Шығармашылық шеберхананың жетекшісі қатысушыларды дұрыс тыныс алу жаттығуларымен, оқу кезінде баланың көру қабілетіне байланысты жаттығулармен, зейінді дамыту және мәтінді дұрыс оқумен таныстырды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік  орталығының әдіскері С. Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1