Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 21-қаңтар күні Ақтөбе облысы бойынша PISA-2022 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жамбыл облысының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлескен «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбындағы іс-тәжірибе алмасу вебинарын өткізді.
Вебинар Жамбыл облысының оқу-әдістемелік кабинетінің халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу мақсатында жүргізіліп, барлығы 300-ге жуық облыс педагогтері мен әдіскерлер қатысты.
Бірлескен шара барысында халықаралық зерттеу тапсырмалары негізінде оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру мәселелері талқыланды.