2021 жылы 28 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №50 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лаура Ашубаеваның «Бастауыш сынып оқушыларының пәндік және функционалды сауаттылығын кешенді қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық шебер-класы zoom платформасында өткізілді. Шебер-класс отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі Жубаева Светлана Онайевнаның кіріспе сөзімен басталды.
Шеберлік сағатында Ашубаева Лаура Смагуловна қатысушылармен бірге
«Бастауыш сынып оқушыларының пәндік және функционалды сауаттылығын кешенді қалыптастыру» тақырыбын талқылап, теориялық мәліметтерді практикалық жұмыстармен ұштастырды. Оқушылардың оқу сауаттылығын, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын тұлғаға бағдарланған жағдаяттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Шебер-класс жұмысы қорытындыланып, қатысушылар «Ашық микрофон» әдісімен рефлексия жасады.
Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі С.О. Жубаева