Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылы 25- желтоқсан күні Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп-лицейінде «Заманауи әдістерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»тақырыбында облыстық шебер класс болып өтті. Отырысқа облыс мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері қатысты.
Шеберлік сағатында Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп -лицейінің бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Қыстаубаева Дамежан Мырзағалиқызы «Заманауи әдістерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында практикалық тәжірибесін ортаға салды. Отырыс барысында «Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?», «PISA,TIMSS бағдарламасы не үшін керек?», «Білім алушылардың білім сапасының төмен болу себебі неде?» деген сұрақтар қарастырылды. Сонымен қоса оқу сауаттылығын арттыру кезінде жүргізілетін әдіс –тәсілдерімен бөлісті. Соның ішінде «Мультифото», «Таза тақта», «Фрейер моделі», «Монофон» әдістерін қатысушылармен бірлесе жасады.
Шебер-класс жұмысы қорытыланып, қатысушылар «Үшбу хат» арқылы кері байланыс жасап, жылы лебіздерін білдірді.