22 желтоқсан 2021 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагогикалық шеберлік орталығының тренері, облыстық тарих пәні ассоциациясының төрағасы, педагог-шебер Жұбанышев Әли Тыныштықұлының «Бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы шебер-класының екінші отырысы өтті. Онлайн тәртібінде өткен отырысқа аудан және қала мектептерінен шебер-класс мүшелері қатысты.

Шарада Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының әдіскері А.А.Искендирова жаңартылған білім беру мазмұны аясында, бағалау құралдарын құрастыру бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жұмыстың теориялық бөлімінде бағалауға қатысты «Ашық және жабық тапсырма түрлері» бойынша дәріс материалдарымен танысты.

Шебер-класс жетекшісі Ә.Т.Жұбанышев тәжірибелік бөлімде қатысушыларға оқу мақсаттары бойынша ашық және жабық тапсырмалар құрастыруды меңгертті.

Шебер - класс соңында Padlet тақтасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кері байланыс жасалды. Отырыс соңында шебер - класс мүшелері алған тәжірибелік білімдеріне алғыс айтып, ыстық ықыластарын білдірді.

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1