Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 желтоқсанында ZOOM платформасында «Әдістемелік лайфхак: кері байланыс – оқу үдерісін жетілдіретін құрал» тақырыбында облыстық шебер класс болып өтті. Отырысқа облыс мектептерінің 15 бастауыш класс мұғалімі қатысты.
Алғашқы отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевнаның кіріспе сөзімен ашылды.
Шеберлік сағатында Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Исмагулова Райхан Аяпбергеновна қатысушылармен бірге «Әдістемелік лайфхак: кері байланыс – оқу үдерісін жетілдіретін құрал» тақырыбын талқылап, теориялық тұрғыдан мәліметтер берді. Білім беруде оқушының өз әрекетін реттей алуына, сабақта не үшін әрекеттер жасалғанын түсінуіне, өз оқуына жауапкершілік алуына, өзін-өзі реттеуіне, мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін – кері байланыстың маңыздылығы мен мәні айқындалды. Тиімді, танымдық кері байланыстар орнату жолдары көрсетілді.
Шебер-класс жұмысы қорытыланып, қатысушылар жылы лебіз-тілектерін 5 жолды өлеңмен өрнектеп жеткізді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.Жубаева