Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 15 желтоқсанда Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектеп базасында облыстық тарих пәні ассоциациясының жоспары аясында «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» атты облыстық семинар өтті. Шарада №35 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Бейскалиева Нұрслу Айтжанқызы қалалық деңгейде апробациядан өтіп жатқан «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, Padlet онлайн тақтасында онлайн/оффлайн форматта оқушылармен ашық сабақ өткізді. Семинардың екінші бөлімінде №22 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бекбосынова Бопеш Маратовна  «Тәуелсіздіктің тұғырлы болған тұлғалары» тақырыбында сабағын 11-сынып оқушыларымен көрсетті.

 

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1