Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 20-қаңтарында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен әдістемелік күн өткізілді.  

Әдістемелік күнде Ақтөбе қаласы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2013» республикалық байқауының жеңімпазы Конкабаева Гүлсім Қаратайқызы 6-класта әдебиет пәнінен С.Мұратбековтің «Жусан  иісі» әңгімесі бойынша онлайн сабақ өткізді.

Сабақ барысында Блум таксономиясы бойынша «Т» кестесін толтыру, «Қос жазба күнделік» әдісі арқылы үзіндіге өз ойларын білдіру, «Сәйкестендіру», «Салыстыру» сияқты әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда маңызы зор болды.   

Сабақ аяқталған соң қатысушы педагогтер кері байланыс жасап, өзара пікірлерімен алмасты. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1