2021 жылғы 12 – қарашада математика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық шығармашылық конкурсы өткізілді.

 Мақсаты : мұғалім беделін көтеру, оның кәсіби шеберлігін шыңдау, білім сапасының өсуіне үлес қосу.

Конкурсқа ауыл мектептерінде жұмыс жасайтын математика пәні мұғалімдері қатысты.

Конкурс салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағымен бірлесіп өткізілді.Қазылар алқасының құрамында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф-м ғ.к. Т.Т.Шериаздан, математикадан Халықаралық, аймақтық конкурс жеңімпаздары Б.Ж.Жилгельдин, Н.К.Абдуллин, А.А. Курашов.

Жинаған ұпай сандарының қорытындысы бойынша төмендегідей конкурстың жеңімпаздары анықталды:

І орын – Мамбеталин Жандарбек Танбаевич - Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бақшасының математика пәні мұғалімі;

ІІ орын – Рысмағанбетов Руслан Жантілеуұлы – Ырғыз ауданы Ы Алтынсарин ат. орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

ІІ орын - Табенов Жарас Максатович - Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов ат. орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Ғабитхан Оразбек Оразалыұлы- Байғанин ауданы №4 Қарауылкелді орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Абдрахманов Аманжол Алда-Онгарович - Мәртөк ауданы №2 Мәртөк гимназиясының математика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Токин Нұрболат Аманкелдиевич Әйтеке би ауданы Еңбекту орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

      Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, болашақта да толағай табыстар тілейміз!

Мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің әдіскері
Ғ. Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1