Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5 қарашасында ZOOM платформасында «Бастауыш класс оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылықтарын дамыту» тақырыбында шебер класс болып өтті. Отырысқа облыстың 15 бастауыш класс мұғалімі қатысты.

Алғашқы отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Светлана Жубаевнаның кіріспе сөзімен ашылды.

Шеберлік сағатында Ақтөбе қаласы №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Венера Калдинаның қатысушылармен бірге «Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбын талқылап, теориялық тұрғыдан мәліметтер берді. Бастауыш класс оқушыларының оқу сауаттылықтарын дамытудағы өзекті мәселелер талданып, шебер класс мүшелерімен бірге әдістемелік әдістер ортаға салынды.

Отырыста кері байланыс орнатылып, ұсыныстар қабылданды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1