Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспары бойынша 2021 жылдың 3 қарашасында ZOOM платформасында «Геометриялық есептерді шешу арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық тілін дамыту» атты шығармашылық шеберхананың отырысы өтті.

Шеберхана жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі Светлана Жубаева ашып,  №28 орта мектептің директоры Айгул  Баймағамбетованың сөзімен жалғасты.

Шеберхана жетекшісі Айгул Еденова отырыс қатысушыларына  шеберхана қызметінің мақсатымен, міндеттерімен және мазмұнымен таныстырып, осы мәселе бойынша педагог жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығын  атап  өтті. Сонымен қатар қатысушылармен бірге математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Шығармашылық шеберхананың құрамына облыстың 15 бастауыш сынып мұғалімі қабылданды. Мұғалімдер геометриялық есептерді шешу арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысы екенін атап өтті. Бұл оқытудың келесі кезеңдерінде геометрияны сәтті игерудің қажетті шарты.

Қатысушылар отырыста ұсынылған теориялық және практикалық материалдарды оң бағалады.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік  орталығының әдіскері С. Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1