2021 жылдың  4 қарашасы күні Байғанин ауданы №4 Қарауылкелді орта мектеп-гимназиясының базасында  «Кәсіби шеберлік- білім сапасының кепілі» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті. Іс-шараға Байғанин ауданынан 78 мұғалім қатысты.

         Семинар-практикум жұмысын «Бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттырудың білім сапасына әсері» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері ф.ғ.магистрі Светлана Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылып, Байғанин аудандық білім бөлімінің әдіскері Назгүл Нияздің сөзімен жалғасты.         «Жаңаша әдіс-тәсілдерді тәжірибемде  қалай қолданамын» тақырыбында Ақтөбе қаласы №65 жалпы білім беретін орта мектебінің  директоры, педагог-шебер санатындағы бастауыш класс мұғалімі, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері М.Жантурина шебер-класс ұйымдастырды.

Ауданның озық тәжірибелі педагогтері 4 кластың Жаратылыстану пәнінен  Назгүл Мұстафа «Қаңқа құпиясы», Гүлзада Усманова «Суды қалай тазартады?», Сәндігүл Әзбергенова «Симбиоз деген не?», 1 кластың Математика пәнінен  Рыскүл Дауылбаева «7 санын қосу және азайту», 3 кластың Әдебиеттік оқу пәнінен Айнагүл Сейлханова «Алтын сөз»,  Ғалипа Сақалбаева «Нағыз достық-батылдық» тақырыптарында понарамалық сабақтар көрсетіп, білім алушыларды  мақсатқа жетелейтін түрлі тәсілдерімен, көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті.

 Сонымен қатар Маржан Орынбаева мен Жанат Жарылғасова «Оқу үшін бағалау-білім сапасын арттыру құралы», Жанат Бакенова «Табысты сабақтың өлшемдері» тақырыптарында коучингтер ұйымдастырып, Маншук Куанбаева «Интербелсенді әдістердің мектеп тәжірибесіндегі тиімділігі» тақырыбындағы  шеберлік сағатында кері байланыс жасап, өз тәжірибесін ортаға салды.

Семинар-практикум қорытындыланып, қатысушылардың жылы лебіздерімен аяқталды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1