2021 жылдың 11-қаңтары күні бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған ассоциация отырысы «Білім беру процесінің мониторингі педагогтің аналитикалық құзыреттілігін дамытудың шарты ретінде» тақырыбында zoom платформасы арқылы өткізілді.
Ассоциация отырысының кіріспе бөлімінде облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева білім беру процесіндегі табысты нәтижелер мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне байланысты екеніне тоқталды.
Отырыс барысында ассоциация лидері Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Т.В.Михайлова мен Ақтөбе қаласы №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ж.М.Жарылғасова мұғалімдердің кәсіби деңгейі және олардың білім алу қажеттіліктері бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерімен таныстырды.
Облыстың бастауыш сынып мұғалімдеріне жүргізілген зерттеу барысында сабақтың белсенді формалары мен әдістері, сабақтың мақсаты мен тиімділігі, сондай-ақ сабақта ақпараттық технологияларды қолдану өзекті мәселелердің бірі екені анықталды.
Сонымен бірге, Ж.М.Жарылгасова тыңдаушыларға қысқа мерзімді сабақ жоспарын дұрыс құру үлгісімен жан-жақты таныстырып, Блум таксономиясы, бағалау, саралау, рефлексия ұғымдарына теориялық мағлұматтар берумен қатар, өз іс-тәжірибесімен байланыстырды. Бұл тәжірибе тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, олардың тарапынан алғыс сөздер айтылды.