2021 жылдың 27-29 қазан күндері аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында аттестатталушы бастауыш класс мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Аттестатталушы педагогтің озық тәжірибесін жинақтау» тақырыбында облыстық әдістемелік практикум болып өтті. Әдістемелік практикумға 36 бастауыш класс мұғалімі қатысты.

Әдістемелік семинар-практикумда мектепке дейінгі тәрбие және жалпы білім беру бөлімінің әдіскері Светлана Жубаева қатысушы педагогтерге аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары туралы жалпы ережелермен таныстырып, Е-портфолио порталының техникалық маманы Бану Жуманазарова Е-портфолиосының рәсімделу талаптары жөнінде түсіндірме жүргізді.

Әдістемелік практикум барысында қатысушы педагогтер шығармашылық шеберханаларымен тәжірибе алмасып, түрлі сауалдар төңірегінде пікір алмасты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1