Облыстық тарих пәні ассоциацияның жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29 қазанда «Өлкенің туристік маршруттары» тақырыбында кіріктірілген шеберлік сабағы өтті. Шараға 100-ден астам тарих пәні мұғалімдері мен ассоциация мүшелері онлайн және офлайн тәртібінде қатысты.

Шеберлік сабағын М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімдері Смадияр Күнімайгүл Смадиярқызы мен Қабыланов Арман Құсайынұлы өткізді.

Шараға қатысушы мұғалімдер «Даңқ» 101 атқыштар бригадасы» мен М.Құсайынов музейіне экскурсия жасады. Мектеп-интернатта ашылған «Оқуға құштар мектеп», «Өлкетану», «Мәңгілік ел», «Абайтану», «Әбіштану» кабинеттерімен танысты. Шеберлік сабағында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан басталатындығы, өлкеге туристерді тарту, әр өлкенің брендін қалыптастыру, виртуалды саяхат, Ақтөбе облысында орналасқан тарихи орындармен таныстыру, өз туған жеріңді жарнамалау т.б жұмыстары көрсетілді.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының vizit aktobe.kz туристік картасын қолдану арқылы Ақтөбе қаласы мен облысы бойынша тарихи орындар, жер-су атаулары туралы тың деректермен бөлісті.

Шара соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының облыстық ғылыми - әдістемелік кеңесінде бекітілген шешіміне сай «Шығармашылық шыңдалу–рухани даму» тақырыбында педагог-шебер Смадияр Күнімайгүл Смадиярқызы жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату қорытындысының тұсаукесері өтті.

А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері, п.ғ.м.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1