Ақтөбе облысының білім басқармасы 2021 жылдың 9-16 сәуірі аралығында аудандық білім бөлімдерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіскерлеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың «Өзін-өзі тану» пәні педагогтеріне арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім  беру бағдарламасының мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілу ерекшеліктері» әдістемелік вебинарын  ZOOM платформасында өткізді.

Әдістемелік вебинар облыстық білім басқармасының  бас маманы А.Нурманованың төрағалық етуімен өткізілді.

Вебинар жұмысында өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісінде интеграциялауда негізгі білім беру ұйымдары Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы және №7 «Арман» мектепке дейінгі гимназиясы педагогтерінің іс-тәжірибесі көрсетілді.

 Қорытынды бөлімінде қала, аудандардан қатысқан тәрбиешілермен кері байланыс жасалып, сұрақтар төңірегінде жауаптар берілді.

Ұйымдастырылған шараға барлығы 191 тәрбиеші қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1