2021 жылғы 23 тамыз күні облыс педагогтерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «География пәнінің оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды оқытудың методикалық аспектілері» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шараға облыстың 100-ден астам география пәні мұғалімдері қатысты.

География пәнінің мұғалімдері географиядағы күрделі тақырыптарды зерттеу, географиялық ойлауды, географиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жағдай жасау және географиялық тілді үйрену, оқушылар арасында еркін және шығармашылық ойлау, 10 класс оқулығындағы қиын тақырыптар және оларды шешу жолдары, дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістері талқыланды.

Секцияда Ақтөбе қ. №59 орта мектебінің мұғалімі А.Е.Кенжебаева, Ақтөбе қ. №41 мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Ж.Аманкосов, Ақтөбе қ. №71 орта мектебінің мұғалімі А.Б.Есетова, Ақтөбе қ. №15 орта мектебінің мұғалімі А.Н.Балғалиев, Темір ауданы №4 Шұбарқұдық орта мектебінің мұғалімі А.Н.Кенжебековалар іс – тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушыларға қозғалған мәселелер бойынша толық ақпараттар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді. Пән мұғалімдері кері байланыс жасап өз әсерлерімен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1