2021 жылғы 23 тамыз күні облыс педагогтерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Тарихи концептілер негізінде тарихи ойлау дағдыларының маңыздылығы» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған секция өткізілді. Іс-шараға облыстың 100-ден астам тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Секция отырысында оқушылардың тарихи ойлауын дамытудағы тарихи концептілердің рөлі, тарихи ойлау дағдыларын дамыту, қашықтықтан оқыту кезінде (тарих сабақтарында) зерттеу процесін ұйымдастырудың цифрлық әдістері, білім алуда кеткен олқылықтарды жою жұмысын жандандыруға мүмкіндік беру: оқушының жас ерекшеліктеріне сай картографиялық, дәлелдеу, оқушының мета-пәндік зерттеу дағдылары мен біліктерін, бағалау дағдыларын қалыптастыру, 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хаттың «Адам және қоғам» саласының мазмұны талқыланды.

Секцияда Ақтөбе қ.орта мектебінің мұғалімі, педагогикалық шеберлік орталығының тренері, А.Т.Жұбанышев, облыстық тарих мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі А.Х.Қабыланов, Ақтөбе қ. №35 орта мектебінің мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Н.А.Жулумбетова, Мәртөк ауданы Жайсаң орта мектебінің мұғалімі М. Ш.Омарова, Шалқар қ. №6 орта мектебінің мұғалімі Ш.А.Досмағамбетовалар сөз сөйледі.

Қатысушыларға қаралған мәселелер бойынша толық ақпараттар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді. Пән мұғалімдері кері байланыс жасап өз әсерімен бөлісті.

А.Искендирова, АОҒТО бөлм әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1