«Бастауыш сыныптарда білім беру сапасын арттырудың өзекті бағыттары: болашағы мен жаңа мүмкіндіктері»бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық жұмыс 2021 жылдың 20 тамыз күні өтті.

Секция жұмысының қатысушылары қазақ және орыс тілдерінде 2 топқа бөлініп жұмыс жасады.

Жұмыс барысында 1 сыныпта «Әліппе», «Букварь» оқулықтарының рөлі, облыстың үздік тәжірибелі педагогтері білім сапасын арттыруда оң мотивация жасау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру тақырыптары қарастырылды.

Қазақ тілді секциялық жұмыс тобында Ақтөбе қаласы №8 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Әліппе» оқулығы бойынша апробацияға қатысқан Сәуле Үшкемпірова және үздік тәжірибелі педагогтер Новый орта мектеп-лицейінен Дәмежан Қыстаубаева, Ақтөбе қаласы №50 орта мектебінен Лура Ашубаева, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясынан Асел Аниева жұмыс жасады.

Орыс тілді секциялық жұмыс тобын бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған Ассоциация лидері, «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақтөбе қаласы №9 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Михайлова жүргізіп, Ақтөбе қаласы№20 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Ольга Гелих, «Букварь» оқулығы бойынша апробацияға қатысқан Наталья Инютина, Қарғалы ауданы №1 Бадамша орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маржан Байханова өз тәжірибелерін ортаға салды.

Жұмыс соңында қорытынды жасалып, ұсынымдамалар қабылданды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1