2021 жылғы 20 тамызда облыстық тамыз педагогикалық конференция аясында «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған секциясы өтті.

Секция жұмысына «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Мария Наятовна Ерманова қатысты. Білім беру ұйымдарындағы жаңа оқу жылының педагогикалық процесін ұйымдастыруға арналған Әдістемелік- нұсқау хат мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс барысында Ақтөбе қаласындағы № 13 «Бөбек» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Әселім Қайыржанқызы және Мәртөк ауданы №1 «Тополек» балабақша әдіскері Ольга Валерьевна Коваленко оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған бағдарламаға қойылатын жалпы талаптарымен таныстырды.

Ақтөбе қаласы №49 «Думан» мектепке дейінгі ұйым әдіскері Агиля Танатарқызы Казмұханбет «Жеті ойыншық» авторлық жоба аясында мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ұлттық ойыншықтардың тиімділігі» тақырыбында озық тәжірибесімен бөлісті.

Секция отырысы жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтерге пiкiр алмасуға, өз тiлектерi және ұсыныстарымен бөлісуге мүмкiндiк бердi.

Мурзагулова М.Т.- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1