19.08.2021 жылы «Математика, физика пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде кәсіби құзыреттіліктерін арттыру» атты математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған тамыз кеңесінің секция отырысы zoom платформасында өтті.

Секция отырысында Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.К.Ешимбетов «Қашықтан оқыту кезінде кездескен олқылықтарды жоюға арналған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында тәжірибе алмасты.

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналаған Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Б.Ж.Жилгельдин «Комплекс сандарға есептер шығару әдістері» тақырыбында өз ойын ортаға салды.

Физика пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының төрайымы, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі А.Ж.Мазинова «Физика пәнінен күрделі есептерді шығаруда қашықтан оқыту кезіндегі олқылықтарды жоюға арналған тиімді әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері» туралы айтып өтті.

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналаған Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Е.С.Омаров «Физика пәнін үштілде оқыту ерекшеліктері», математика пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының мүшесі, Ақтөбе қаласы №23 орта мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі С.Т.Укибаева «Решение практико-ориентированных задач на уроках математики» тақырыптарында ұстаздармен жұмыс жасады.

Секция жұмысының соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі және және жалпы білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Ж.Байсейтова 2020-2021 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатының математика, физика пәні бөлімінің ерекшеліктерімен таныстырды. Секциялық жұмыс мұғалімдердің сұрақ-жауабымен аяқталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1