Облыстық тамыз кеңесі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған секция жұмысы өткізілді.

Секция жұмысы барысында:
Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе филиалының аға менеджері Т.Копжасарова «Білім беру ортасы және білім алушының жолы»;

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы К.Махатова «Ротация - один из методов обучения»;

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің арнайы пән оқытушылары:
Н.Бондаренко «Использование электронных обучающих ресурсов для повышения эффективности учебного процесса»;

Г.Саркулова «Оқыту барысында белсенділікті арттырудың заманауи әдіс-тәсілдері»;

Л.Жубаниязова «Заманауи цифрлық технологиялар және техникалық шығармашылық оқыту технологиялары»;

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері Н.Дускиреев «Современные методы и приемы на уроках производственного обучения» тақырыптарында заманауи сабақты жоспарлау мен өткізудің әдіс-тәсілдері туралы сөз қозғап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы психологиялық әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері А.Картбаева «Эмоционалды интеллекттің педагог қызметінің тиімділігін арттырудағы ролі» тақырыбында қатысушылармен тренинг ұйымдастырды.

Тамыз кеңесі аясындағы секция жұмысында оқытушылар мен баяндамашылар белсенділік танытып, пікір алмасты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1