Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2021 жылдың 16 тамыз күні облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында мектеп директорларына арналған «Қашықтан оқытудың гибридті оқыту нысаны бар дәстүрлі форматқа көшу жағдайында білім беру сапасын арттыру процесін басқару» тақырыбында секция жұмысын өткізді.

Секция жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың директорының орынбасары Ж.А.Исатаева жүргізді.

Ұлттық Ұстаз онлайн академиясының директоры, білім беру саласының сарапшысы Г. А. Қорғанбаева «Новая модель казахстанской школы. Поколение Z. Новые вызовы системе образования» тақырыбында қатысып, презентациясымен бөлісті.

«Алматыкітап баспасы» электрондық оқулықтар әзірлеу бөлімінің жетекшісі, п.ғ.к.,Ә. Д. Рысқұлбекова қатысып «TopIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасады.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қ.Т.Сатыбалдина «Инженерия образовательной среды» тақырыбында баяндамасымен бөліссе, «Маркетинг школы как образовательного проекта» тақырыбында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Медиа орталығының» директоры Ж.И.Абильдаева презентацияларымен бөлісті.

Секцияның келесі бөлімінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты директорының орынбасары Қ. Ж. Кулымов «Қашықтан оқыту жағдайында оқудағы қиындықтарды шешу және «ақтаңдақтарды» алдын алу жұмыстары» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Табысты мектепке жетудегі мектепішілік бақылаудың маңыздылығы» тақырыбында Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гиназиясының директоры Б. А. Абдуллина мониторнигтік зерттеу жұмыстарын жұргізіп, талдау жұмыстарының бағыттарын көрсетті.

«Мектепті басқарудың жаңаша құрылымы мен маңыздылығын педагогикалық менеджмент арқылы көрсету» тақырыбында Хромтау ауданы №2Хромтау гиназиясының директоры Е. П. Юшкевич, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің директоры Р. Ж. Абилова «Мектеп қызметін басқарудағы директорының ролі: қашықтан оқыту мәселелері және «ақтаңдақтарды» жою» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмысына ауыл және қала мектеп директорлары қатысып жеке пікірлері мен ұсыныстарын жасады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1