Ағымдағы жылдың 8 шілде күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Мейірім» жобасының жоспарына сәйкес «Аналарға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында 10-17 жас аралығындағы қыз балалар мен аналары үшін «Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді бағалай білу» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Шараның жүргізушісі С.Б.Байдуашова , Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскер-психологы .

Тренинг арт-терапиялық техникалар негізінде ұйымдастырылып, екі сағатқа жоспарланды. Тренинг барысында қатысушылардың бір-бірімен өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын ұғымдарды атау арқылы таныса отырып, бір - біріне қолдау көрсетуіне мүмкіндік жасалды.

Қатысушылар өз бойындағы мықты қасиеттерді айқындай отырып, өз есімінің ерекшелігіне мән беру маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, өзіне деген сенімділікті арттыру техникаларын үйренді. Тренинг соңында метафоралық ассоциативті карточкалар арқылы тұлғалық даму мүмкіндіктерін түйсінуге жағдай жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1