2021 жылдың 14 мамырында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Бастауыш сынып мұғалімдерінің құзіреттілігін арттыруды тиімді ұйымдастыру жолдары» облыстық семинар-практикумына 80 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Семинардың мақсаты Мұғалжар ауданы №4 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің табысты жұмыс тәжірибесін тарату, оқу үдерісін ұйымдастыруда қабілеттерді тиімді пайдалану бойынша шығармашылық ізденістермен алмасу болып табылады.

Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылып, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Айтбаеваның сөзімен жалғасты.

    Аталған шараның теориялық бөлімінде директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары А.Алмағанбетова «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі заман талабы» тақырыбында оқу үрдісін ұйымдастыру барысында қолданылатын нормативті құжаттармен теориялық бөлімінде таныстырып өтті.

 Семинардың практикалық бөлімінде «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында М.Ершекенова өз іс-тәжірибесімен бөліссе, оқу процесін қашықтан оқыту жағдайында қолданылатын цифрлық білім беру ресурстарын қолдану жолдарын  Г.Турабаева  көрсетіп, тест құрастыруды түсіндірді. Оқу үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарымен және саралау тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын бастауыш сынып мұғалімдері Э.Мусирова, А.Жанесенова, Г.Карагулова өз іс-тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдерін  әріптестермен бөлісті.

Бастауыш сыныптардың әдістемелік-шығармашылық жұмыстарының SVOT талдау жұмысын бірлестік жетекшісі Г.Әділханова таныстырып өтті.

Семинардың қорытынды бөлімінде Г.Кенжебаева   қатысушы педагогтермен   «Өз таңдауыңызды жасаңыз» тақырыбында кері байланыс жасап, сұхбат жүргізді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1