2021 жылдың 14 мамыр  күні облыстық ғылыми-тәжірибелік  орталығының  жоспарына  сәйкес Хромтау ауданы МДҰ эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы бойынша  онлайн  форматта  «Шығармашылық пен ізденіс» тақырыбында көрме-семинары өтті. Семинарға мектепке дейінгі  ұйым  педагогтері  қатысты.

Мақсаты: эксперименттік алаң бойынша жұмыстанған мектепке дейінгі  ұйымдардың үш жылдық эксперименттік жұмыстарының іс-тәжірибелерімен бөлісу және шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің тәжірибесін  тарату.

 Семинар  барысында  № 5  «Ақбота»  бөбекжай-балабақшасы  «Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы креативті  ойлауын  дамыту», № 6 «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасы  «Балабақша  мен  отбасының  ынтымақтастығына қатысты  заманауи  тәсілдері», № 7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы «Робототехниканы пайдалану арқылы баланың құрастыру қабілетін дамыту», № 8 «Тұлпар»  бөбекжай-балабақшасы  «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық процестерін құм  терапиясы  арқылы дамыту»  тақырыптарында  үш  жылдың  эксперименттік  жұмыс  нәтижелері мен  іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Педагогтер панорамалық бейне-сабақтарды көрсету арқылы өз  тақырыптарына сәйкес  зерттеген  мәселелері, алынған тақырыптары  бойынша жинақтаған материалдарын, қолданған әдіс-тәсілдерін және  педагогикалық  технологияларын  көрсетті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1