Ағымдағы жылдың 12 - мамырында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «Математика, физика, информатика сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық оқыту семинары болып өтті. Семинар барысында Қарғалы ауданы  «№ 2 Бадамша орта мектебі» КММ  мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

     Семинарды мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова алғы сөзбен ашты.

   Іс-шара барысында «Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда clil технологиясын кіріктіре оқыту »  тақырыбында Куракбаев Есбол Нурболович  практикалық сабақ қөрсетті.

    «Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің   тиімділігі мен ерекшелігі» тақырыбында физика пәні мұғалімі Кумарова Мая Аманжоловна  коучинг өткізді. Сонымен қатар математика пәні мұғалімдері Алимбаева Гулшат Шойдымовна «Математика пәнінен ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту  әдістері» тақырыбында, Молдыбаев Нұржан Насибуллаевич «Математикадан күрделі есептерді шығарудың тиімді әдістері» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.

  Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1