Шараның басты мақсаты - студенттердің діни сауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Жубандыкова Меруерт Кунболовна алғы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында баяндамашылар келесі тақырыптары бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Жиенкулова Гүлбарша Шарапиевна (Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), «Діни сауаттылық заманның басты талабы»;

Ильясов Бекжан Куанатұлы (дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының теологы), Сатаева Айгүл Ермекқызы (педагог-психолог) «Қазіргі жастардың санасы мен дүниетанымына діннің әсері»

Төрежанқызы Жанар (дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының топ жетекші), «Студент тұлғасын қалыптастырудағы діни тәрбие рөлі, маңызы»,

Құдабай Қаламқас Ілескенқызы (жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы), Ыбрайым Ардақ Юсуповна (әлеуметтік педагог) «Дін және жастар»

Шара соңында орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскері Нурмолдина Бағдагүл Жайбергеновна бірқатар ойға тоқталды.
Мәңгілік елдің тірегі – қазақ елінің құндылықтарында, сол құндылықтардың бірі – дәстүрлі дініміз. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Жастарды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет деп айтылды.

Айта кетейік, шараға ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарларымен топ кураторлары қатысып, өзара пікір алмасып, тәжіриберелімен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1