2021 жылдың 11 мамырында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Тапсырмаларды саралауды  жоспарлау мен ұйымдастыру арқылы бастауыш  сыныпта  білім беру үрдісінің  тиімділігін арттыру» облыстық семинар-практикумына 83 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

         Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаеваның және Ақтөбе қаласы, №65 жалпы білім беретін орта мектебінің  директоры М.С.Жантуринаның  кіріспе сөзімен ашылып, «Оның есесіне мен,...» тақырыбында  Н.Ш.Жайтуганованың тренингімен жалғасты.

         Аталған шараның теориялық  бөлімінде №65  жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Ш.Усманова саралап оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін арттыру жолдарын көрсетсе,  практикалық бөлімінде аталған мектептің мұғалімдері Б.Е.Алимбетова, Н.К.Амангулова, Г.Н.Жүсіпова  сабақтағы саралау тәсілдерін, мазмұны арқылы саралау, сабақ барысында тыңдалымға арналған тапсырмалар дайындау түрлерін  көрсетті.

         Қатысушы педагогтермен «3-2-1» әдісімен кері байланыс жасалып, өзара ашық сұхбат жүргізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1