ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdc8d6bfff79
Облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясы педагогтерінің озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар-практикумға химия, биология және география пәндері мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттыру, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау және тәжірибе алмасу болды.
Семинар-практикумда химия және биология пәні мұғалімі Венера Жалгасбаева «Теориядан тәжірибеге: химия, биология және география сабақтарында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті. Биология пәні мұғалімі Людмила Трубникова «Зертханалық жұмыс: ауксиннің тамыр мен сабақтың өсуіне әсері», география пәні мұғалімі Алексей Мамонтов «География сабақтарында модельдеу» және Валентин Абрамов «Контекстік есептер: PISA-дан өмірге дейін» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар, Жалғас Кукенов пен Зарина Алданаева білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын дамытудағы жасанды интеллект мүмкіндіктеріне тоқталды.
Семинар-практикум барысында қатысушылар жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастырудағы өзекті мәселелерді қарастырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ білімді өмірде қолдану жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, жаңа педагогикалық технологиялар, белсенді оқыту әдістері және бағалаудың тиімді тәсілдері ұсынылды. Іс-шара «4 бұрыш» рефлексиясымен аяқталып, қорытындыланды.
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ФОРМУЛАСЫ: МОДЕЛЬДЕУ-ТӘЖІРИБЕ-НӘТИЖЕ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdc909cde3bc
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының функционалдық сауаттылықты арттыру жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 3 наурыз күні химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған «Химиялық және биологиялық процестерді модельдеу негізіндегі функционалдық сауаттылық» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – химия және биология пәндерін оқыту барысында модельдеу технологияларын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар химиялық және биологиялық үдерістерді модельдеудің заманауи тәсілдерімен танысып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу мен қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрып, педагогтердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Теориялық бөлімде биология пәні мұғалімі Мөлдір Тапаева «Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, №14 зертханалық жұмыс аясында «Тері сезімталдығын зерттеу» тәжірибесін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар зерттеу жүргізу, бақылау жасау және нәтижелерді талдау дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерімен танысты.
Биология пәні мұғалімі Диляра Ысқаққызы мен химия пәні мұғалімі Батима Тоғызбаева «Жаратылыстану сабақтарында жасанды интеллект арқылы өмірлік жағдаятқа негізделген тапсырмалар құрастыру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін таныстырды. Педагогтер жасанды интеллект көмегімен оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік қабілеттерін және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгілерін ұсынды.
Сонымен қатар химия пәні мұғалімдері Батима Тоғызбаева мен Жанат Утегалиева «Зерттеу мен тәжірибе бірлігі» тақырыбында тәжірибелік алаң ұйымдастырып, химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды тиімді жоспарлау, тәжірибелерді модельдеу және алынған нәтижелерді талдау жолдарымен бөлісті.
Семинар барысында педагогтер өзара пікір алмасып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар алды.
«МАҚСАТТЫ БІЛІМ – САПАЛЫ НӘТИЖЕ» облыстық педагогикалық тәжірибе алаңы аясында «Виртуалды наноқұрылымдар мен биополимерлердің 3D моделдеуі» семинары өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId1f99312ea4
2026 жылғы 18 ақпанда Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Мақсатты білім – сапалы нәтиже» облыстық педагогикалық тәжірибе алаңы аясында «Виртуалды наноқұрылымдар мен биополимерлердің 3D моделдеуі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде STEM технологияларын, цифрлық зертханаларды, виртуалды шынайылық құралдарын тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық жобаларды таныстыру болды.
Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен жас мамандар қатысып, заманауи ғылыми-технологиялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар «Ғылыми-инновациялық экспозиция» көрмесін таныстырумен басталды. Көрме барысында қатысушылар оқушылар мен педагогтердің ғылыми жобаларымен, инновациялық әзірлемелерімен және STEM бағытындағы жетістіктерімен танысты.
Пленарлық бөлімде №80 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Айсұлу Жақсыбаева тәжірибе алаңының бағдарламалық таныстырылымын өткізіп, білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар туралы баяндады. Мектеп директорының орынбасарлары Жанат Мырзалы мен Нүркен Жәкен «Ozgeris» жобасын таныстырып, жобаның білім беру кеңістігін жаңғыртудағы рөліне тоқталды.
Семинар жұмысы «EDULAB EXPERIENCE ZONE» тәжірибелік аймағында жалғасын тапты. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша шеберлік сабақтары мен тәжірибелік алаңдардың жұмысына қатысты.
Биология пәні мұғалімдері Ардақ Жақсыбай «Биополимерлерді синтездеу: экологиялық таза биопластик алу жолдары» тақырыбында тәжірибелік жұмыс ұсынып, қоршаған ортаға қауіпсіз материалдарды алу технологияларымен таныстырса, Мәди Өтесін «STEM білім беруде VR/AR және биологиялық датчиктерді қолдану әдістемесі» тақырыбында виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының оқу үдерісіндегі мүмкіндіктерін көрсетті.
Химия пәні мұғалімдері Жанат Булекова мен Арайлым Жұматова «STEM және нанотехнология: мектеп зертханасындағы ғылыми зерттеу» тақырыбында нанотехнология элементтерін мектеп тәжірибесіне енгізу бағытындағы жұмыстарын таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар QR-код арқылы ұйымдастырылған «QR пікір алаңы» арқылы кері байланыс беріп, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Облыстық тәжірибе алаңы педагогтердің кәсіби дамуына, инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге және STEM бағытындағы үздік тәжірибелерді таратуға ықпал еткен маңызды әдістемелік шара болды.
«ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ: ӘДІСТЕР, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId213f4f56ea
2026 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гульнар Жалашеваның «Химия пәнінде зерттеушілік және құзыреттілікке бағытталған оқыту: әдістер, тәжірибе және нәтижелер» тақырыбында облыстық тәжірибе тарату семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің химия сабағында зерттеушілік және құзыреттілікке бағытталған оқыту әдістерін тиімді қолдану құзыреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибелерді тарату және кәсіби тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Семинарға облыстың білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдері қатысып, зерттеушілік оқыту технологияларының тиімділігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлін талқылады.
Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Нұрбақыт Кәрімова қатысушыларды семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырып, білім беру жүйесіндегі құзыреттілікке бағытталған оқытудың өзектілігіне тоқталды.
Теориялық бөлімде химия пәнінің мұғалімі Гульнар Жалашева «Сұрақтан – зерттеуге: химия сабағында құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізіп, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді тәжірибелік тапсырмалар арқылы көрсетті.
«Химия сабағында зерттеушілік және құзыреттілікке бағытталған оқытудың теориялық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, зерттеушілік оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілерін, оқу мақсаттарымен ықпалдастыру жолдарын және оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту тетіктерін таныстырды.
Практикалық бөлімде 9-сынып оқушыларымен «Аммиак алу және оның қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тәжірибелік жұмыстар орындап, бақылау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын жетілдірді. Зертханалық жұмыстар арқылы оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға ерекше назар аударылды.
Ашық сабақтан кейін қатысушылар сабақтың әдістемелік талдауын жүргізіп, қолданылған оқыту стратегияларының тиімділігіне кәсіби тұрғыдан баға берді. Өзара пікір алмасу барысында зерттеушілік тапсырмаларды сабаққа енгізу, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру және бағалау тәсілдері бойынша ұсыныстар айтылды.
Семинар соңында химия пәні мұғалімі Гүлдана Жайықбай «Оқытудың жаңа тәсілдері: мен не білдім, не түйдім?» тақырыбында рефлексия ұйымдастырды. Қатысушылар семинар барысында алған әсерлерімен бөлісіп, кәсіби қызметтерінде қолдануға болатын тиімді тәжірибелерді атап өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdca32e1d293
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «Музыка сабағындағы EdTech: цифрлық құралдар арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – музыка сабақтарында заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық, танымдық және цифрлық құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесін насихаттау болды.
Семинар барысында №80 жалпы білім беретін орта мектеп педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру үдерісінде қолданылып жүрген тиімді EdTech құралдары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді таныстырды. Педагогтер музыка пәнін оқытуда цифрлық платформаларды, интерактивті бағдарламаларды және мультимедиялық ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту жолдарын көрсетті.
Семинар-практикум аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар, музыка сабағында заманауи технологияларды енгізудің оқыту сапасын арттырудағы маңызы кеңінен талқыланды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибелік ұсыныстармен алмасты.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId21b6e510e3
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы №9 мектеп – гимназиясының музыка, көркем еңбек пән мұғалімдері өз істәжірибесімен бөлісті.Бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Синергия музыки и художественного труда: эффективные методы воспитания честного гражданина» тақырыбында өткен облыстық семинар-практикум болды.
Мазмұнды іс-шарада музыка мен көркем еңбек пәндерінің өзара үндестігі арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік болмысын қалыптастыру мәселесі кеңінен қозғалды. Қатысушылар білім беру үдерісіндегі шығармашылық тәсілдердің маңызын атап өтіп, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық сынды құндылықтарды дарытудың тиімді жолдарын ортаға салды.
Семинар барысында ұсынылған озық тәжірибелер мен шеберлік сабақтары ұстаздар қауымына тың серпін беріп, кәсіби ізденіске жаңа бағыт ашты. Өйткені бүгінгі білім – тек ақпарат беру емес, ол – тұлға тәрбиелеу.
«АБАЙ ӘЛЕМІ: МУЗЫКА САБАҒЫНДА ӘУЕН МЕН СӨЗ ҮНДЕСТІГІ»
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdaa91399994
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясында музыка пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті.
Мақсаты – музыка сабағында Абай Құнанбайұлы шығармашылығын тиімді қолдану арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және көркем ойлау қабілетін дамыту.
Семинар барысында педагогтер әуен мен сөздің үйлесімділігін терең түсіндіру, Абай әндері арқылы оқушының ішкі жан дүниесіне әсер ету, сондай-ақ заманауи әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану жолдарын қарастырды.
Абай мұрасы – тек әдебиет пен музыка ғана емес, тәрбиенің, рухани дамудың қайнар көзі. Осы бағыттағы жұмыс білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId39ae56f0f4
«STEAM және MusikART: музыка арқылы ғылым мен өнерді байланыстыру» тақырыбында облыстық семинар қашықтан ұйымдастырылды. Семинар білім берудегі пәнаралық ықпалдастықтың маңызын айқындап, музыка өнері арқылы ғылымды терең әрі қызықты меңгертудің тиімді жолдарын ұсынды.
Іс-шара барысында А.Ж. Шуиншбаева — шығармашыл ұстаз ретінде «Абай әндерінің бейнелеу өнерімен үндесуі» тақырыбында STEAM бағытындағы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында Абай әндерінің мазмұны мен әуезін бейнелеу өнерімен байланыстыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін және сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті. Музыка мен сурет өнерін ұштастыру арқылы білім алушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданудың маңыздылығы айқындалды.
С.Ж.Жапарова - сабақ барысында ұлттық күй өнерін заманауи білім беру әдістерімен ұштастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді көрсетті. Музыка пәнін технология, өнер және зерттеушілік дағдылармен байланыстыра отырып, білім алушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру жолдарын таныстырды.
Семинар қатысушыларына STEAM білім беру бағытын MusikART элементтерімен ұштастыру тәжірибелері таныстырылып, шығармашылық пен ғылыми ойлауды қатар дамытатын әдістер ұсынылды.
«БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId059c9f7dad
2026 жылдың 29 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып мұғалімі моделін қалыптастыру» облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, заманауи мұғалім моделін қалыптастыру бағытындағы тәжірибелерді тарату және педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамыту болды.
Кәсіби тәжірибе алмасу алаңында 21 бастауыш сынып мұғалімі бас қосты.
Семинардың ашылу бөлімінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі, гуманитардық ғылымдарының магистрі Жубаева Светлана Онайевна «Бастауыш сынып мұғалімі қандай болуы керек?» тақырыбында кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі білім беру кеңістігіндегі педагог моделінің өзектілігіне тоқталды.
Тәжірибе алмасу алаңында Ақтөбе қаласы Ә.Кекілбаев атындағы №72 IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы Салиш Салтанат Салишқызы заманауи педагог моделін жаңа трендтермен тәжірибелік тұрғыда таныстырды.
Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызы педагогтің кәсіби дамуындағы икемді дағдылардың маңыздылығына тоқталып, эмоционалдық интеллект, коммуникация және өзін-өзі дамыту бағытындағы тәжірибелерін ұсынды.
Қобда ауданы Исатай Тайманов атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Сармантаева Гүлбақыт Кеңесқызы «Жаңа трендтер негізіндегі бастауыш сынып мұғалімінің іс-тәжірибесі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру үрдісіндегі заманауи тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куспанова Анна Багигқызы мұғалім рөлі мен кәсіби моделіне, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогтің рөліне тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби моделін жетілдіру, soft skills дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, заманауи педагогикалық трендтерді тәжірибеге енгізу бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби пікірлерімен бөлісті.
Қорытынды бөлімінде кері байланыс жасалып, қатысушылар жаңа идеялармен тарқасты.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId756d8d4a2f
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 17 сәуір күні №4 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Таимова Рунат Жақыпқызының ұйымдастыруымен «Мәтінмен жұмыс жасаудың интерактивті тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік сабағы өтті.
Облыстық шеберлік сабақты Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жубаева Светлана Онайевна ашты.
Ұйымдастыру бөлімінде «Солай болсын» атты психологиялық тренинг өткізілді. Одан әрі шеберлік сабағының жетекшісі Рунат Жақыпқызы педагогикалық таныстырылым жасап, онда сабақ құрылымының әдістемелік негіздері мен сабақтың әр кезеңінде қолданылатын тиімді әрі қызықты тәсілдер туралы баяндады.
Практикалық бөлімде Рунат Жақыпқызы қатысушыларға мәтінмен жұмыс жасаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтауды ұсынды. Одан кейін оқушыларға мәтіннің композициялық бөліктерін ажыратуға көмектесетін «Үйшік» және «Салмасы бар бәліш» сызбаларын қолдану жолдарын түсіндірді. Шеберлік сабағына қатысушылар аталған сызбалармен қызығушылықпен жұмыс жасады. Сонымен қатар, Рунат Жақыпқызы мәтінмен жұмыс барысында қолданылатын өзекті әрі қызықты «Қателері бар мәтін», «Бос орындары бар мәтін», «Мәтінді ықшамда», «Мәтін-пазл» сияқты тәсілдерді таныстырды.
Қорытынды бөлімде нәтижелі сабақ өткізу үшін және оқушылардың бойында құндылықтар мен мағыналарды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мұғалім әрбір сабақ кезеңін жан-жақты ойластыруы қажет екендігі атап өтілді. Облыстың аудандық және қалалық мектептерінен келген педагогтер әдістемелік іс-шараның кешенділігін, сондай-ақ қалыптасқан жылы әрі рухани қарым-қатынасты жоғары бағалады.
«Шеберлік шыңы» облыстық педагог-шеберлер лигасының ІІ отырысы
Шеберлік шыңы – тәжірибе мен жаңашылдықтың тоғысқан алаңы
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId64dedd0e82
«Шеберлік шыңы» облыстық педагог-шеберлер лигасының жұмыс жоспары аясында 2026 жылдың 14 сәуірінде Шалқар қаласы «№3 ЖОББМ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Сарина Галия Асылбековнаның жетекшілігімен «Математикалық сауаттылықты қалыптастыруда құндылық және жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында лиганың ІІ отырысы өткізілді.
Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Жубаева Светлана Онайевна сөз сөйлеп, облыстық педагог-шеберлер лигасының педагогтердің кәсіби дамуын қолдаудағы және білім беру сапасын арттырудағы маңызды рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістік, тың идеялар мен нәтижелі жұмыс тіледі.
Іс-шара барысында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Шеберлік құпиялары: оқушыны ойландыру өнері» тақырыбындағы интеллектуалды серпіліс жаттығулары ұйымдастырылып, мұғалімдер түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту жолдарын тәжірибеде талқылады.
Педагог-шеберлер өздерінің үздік тәжірибелерін ұсынып, математикалық білім берудегі заманауи тәсілдердің тиімділігін көрсетті.
Ақтөбе қаласы №46 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Тажмагамбетова Шалкаргүл Тоқтамысқызы «Зейін мен логика – бастауыш сынып оқушысының табыс кілті» тақырыбы аясында оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен зейін тұрақтылығын дамытуға бағытталған тиімді әдістерін ұсынды. Іс-тәжірибе алаңында түрлі логикалық тапсырмалар, ойлау операцияларын жетілдіруге арналған жаттығулар, зейінді шоғырландыруға бағытталған әдіс-тәсілдер қарастырылып, оқу тапсырмаларын саралап ұсыну арқылы әр оқушының қабілетіне сәйкес жұмыс жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Ақтөбе қаласы «Smart Bilim» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Ауданбаева Жұмагүл Маймановна «Математика сабағында STEAM мен жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбы аясында цифрлық технологиялар мен пәнаралық байланысты сабақта қолданудың заманауи үлгілерін көрсетті. STEAM жобалары арқылы оқушылардың инженерлік ойлауын қалыптастыру, модельдеу жұмыстарын жүргізу және нақты өмірлік жағдаяттарды математикалық тәсілдермен шешу мүмкіндіктері көрсетілді. Қатысушылар цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, пәнаралық тапсырмаларды орындап, олардың білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімділігіне көз жеткізді.
Сарина Галия Асылбековна «Математикалық сауаттылық: есеп шығару мен түсінудің айырмасы қандай?» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың тек есеп шығарып қана қоймай, оның мәнін түсінуі мен алған білімін өмірлік жағдайларда қолдана білуінің маңыздылығын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар арқылы есептің шартын талдау, қажетті ақпаратты ажырату, логикалық қорытынды жасау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру жолдарын көрсетті.
Семинар барысында:
- жасанды интеллект көмегімен мұғалімнің уақытын үнемдеуге арналған тиімді лайфхактар көрсетілді;
- құндылықтарға негізделген математикалық кейстер арқылы оқушылардың өмірлік жағдаяттарды талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту жолдары қарастырылды;
- оқушыларды терең ойлауға, зерттеуге және пікірталасқа жетелейтін «wow-effect» әдістері тәжірибелік түрде таныстырылды.
Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірталас жүргізді, заманауи әдіс-тәсілдерді талдап, оларды оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастырды. Әрбір ұсынылған тәжірибе мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған құнды идеялардың көзі болды.
ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУДА ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІН АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId19a08e478a
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 16 наурыз күні Қызылжар орта мектебінде «Зерттеу сабақтарын жоспарлауда оқушы мүмкіндігін ашуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна мен мектеп директоры Нургалиев Рай Молданиязовичтің алғы сөзімен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаржаубаева Бақытгүл Байменшеқызының «Тәжірибе алмасу – кәсіби даму жолы» тақырыбындағы мектептің кәсіби дамуына жасалған таныстырылыммен ашылды.
Семинардан күтетін үміттер мен семинар мақсатын бастауыш сынып мұғалімі Бисенгалиева Динара Мерекеқызы «Мүмкіндік коды» QR-ОЙ тренингі арқылы көрсетіп, семинарды ашып берді.
Семинар барысында А.С.Усербаева зерттеу сабақтарының дәстүрлі сабақтан ерекшелігі мен тиімділігін зерделеу мақсатында «Сабақты зерттеу – әріптестік және кәсіби даму ортасы» тақырыбында ой бөлісті.
Тәжірибе алмасу бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері М.П.Ершекенова, Г.К.Жолымбетова, Р.Д.Аренова, Г.Ж.Абилшеева «Зерттеу сабақтарын жоспарлауда оқушы мүмкіндігін ашуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында жасанды интеллект элементтерін кіріктіре отырып, оқытудың тиімді әдістеріне презентацияларын ұсынып, семинарға қатысушылардың әдістемелік қоржынын жаңа әдістермен толықтырды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысушыларға бастауыш сынып мұғалімі А.С.Усербаева 2 «а» сыныбында қазақ тілінен зерттеу сабағын көрсетті. Сабақтан соң «Зерттеу сабақтарының табысты өлшемдері» тақырыбында сабақты талдау және қорытындылау бөлімі ұйымдастырылды. Өтілген зерттеу сабағын дәстүрлі талдаулармен А, В және С деңгейіндегі оқушыларға зерттеу жүргізген бақылаушылардың талдаулары тыңдалып, ерекшеліктері аталды. Оқушы қажеттіліктерін ескере отырып, келесі кезекті жоспарланатын сабаққа ұсыныстар беріліп, сабақ қорытындыланды.
Облыстық семинар тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, кәсіби кездесу болды.
Облыстық семинар қорытындысы бойынша іс-тәжірибесін кәсіби шеберлікпен көрсеткен педагогтер Алғыс хаттармен марапатталды.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ – БАСТАУЫШ СЫНЫП ТӘЖІРИБЕСІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdbb8f459b15
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 13 ақпан күні Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жасанды интеллектіге негізделген ойын арқылы оқыту – бастауыш сынып тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың басты мақсаты – бастауыш сыныпта жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру, заманауи әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатты түрде балаларға жасанды интеллект технологияларын ерте жастан үйрету – олардың қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті болу кілті» деген маңызды тұжырымымен үндесіп, мазмұнды әрі нәтижелі форматта ұйымдастырылды.
Семинардың ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна мен мектеп директоры Қалыбаева Задагүл Боранбаевна құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның шығармашылық ізденісін атап өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Ж. Корпебаева «Бүгінгі жетістік – ертеңгі сенімді қадам» тақырыбында сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне жүйелі енгізу арқылы оқушылардың сапалы білім алып, болашаққа нық қадам басуына негіз қаланатынын атап өтті.
Тәжірибе алмасу бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері: А.Г.Досмагамбетова, С.О.Мусина, О.С.Шайкынова, Г.А.Жупалаева ашық сабақтар өткізіп, жасанды интеллект элементтерін кіріктіре отырып, оқытудың тиімді жолдарын көрсетті. Сабақтар мазмұнды, заманауи талаптарға сай, оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған форматта өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері А.Қыдыралықызы мен А.С.Кенжебаева ұйымдастыруымен «KIDS & AI EXPO» көрмесі мен «AI-ойын: білім мен логика сайысы» интеллектуалдық ойыны қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, білім мен технологияның үйлесімді байланысын айқын көрсетті.
Әдістемелік бөлімде Р.Е.Каршагина «Балаға қызық, мұғалімге тиімді: заманауи ЖИ құралдарымен оқыту тәжірибесі» тақырыбындағы шебер-класында практикалық ұсыныстар беріп, нақты құралдармен жұмыс жүргізді.
Семинар қорытындысында қатысушылар рефлексия жасап, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Облыстық семинар тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізудің тиімді үлгісін көрсеткен маңызды кәсіби кездесу болды.
«Шеберлік шыңы» облыстық педагог-шеберлер лигасының «Құндылық және белсенділік: мәтіндік тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық педагог-шеберлер лигасының алғашқы отырысы өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId040be10adf
«Шеберлік шыңы» облыстық педагог-шеберлер лигасының жұмыс жоспары аясында 2025 жылдың 23 қаңтарында Шалқар қаласы «№3 ЖОББМ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Сарина Галия Асылбековнаның жетекшілігімен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Құндылық және белсенділік: мәтіндік тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбындағы лиганың І отырысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш білім беру үдерісінде мәтіндік тапсырмаларды тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін таныстыру, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді тәжірибелермен бөлісу және жасанды интеллект құралдарын білім беру саласында қолдану мүмкіндіктерін талқылау.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Жубаева Светлана Онайевна сөз сөйлеп, педагог-шеберлер лигасының білім беру жүйесіндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған тәжірибелік алаңдардың өзара тәжірибе алмасу мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруда ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жұмыс барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды жұмыстарын ұсынды:
? «Мәтінмен жұмыстың жаңа дәуірі: ЖИ мұғалімге қалай көмектеседі?» тақырыбында Шалқар қаласы «№8 ЖОББМГ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы жасанды интеллект құралдарының мәтіндік тапсырмаларды дайындау мен саралаудағы мүмкіндіктерін таныстырды.
? «Құндылық, ЖИ және оқуға қызығушылық: мәтінге жан бітіру құпиясы неде?» тақырыбында педагог-шебер Сарина Галия Асылбековна оқу үдерісінде құндылықтарға негізделген мәтіндермен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ұсынып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы заманауи тәсілдерге тоқталды.
? «Мәтіндік тапсырмалар: белсенділік пен құндылыққа жол» тақырыбында «№8 ЖОББМГ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айназарова Гүлзира Данағұлқызы мәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру және құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар мәтіндік тапсырмаларды ұйымдастырудың тиімді жолдарымен танысып, оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданып, өзара пікір алмасу алаңында кәсіби сұхбат жүргізілді.
Практикалық бөлімде мұғалімдер заманауи білім беру талаптарына сай тапсырмалар құрастыру, мәтіндерді құндылықтарға негіздей отырып іріктеу, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану бағытында бірлескен жұмыстар атқарды. Қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің өзектілігін атап өтіп, күнделікті сабақ үдерісінде қолдануға болатын көптеген тың идеялар алғандарын жеткізіп, кері байланыс берді.
«Шеберлік шыңы» облыстық педагог-шеберлер лигасының алдағы отырыстары да мұғалімдердің үздік тәжірибелерін таратуға және кәсіби қауымдастықтың дамуына өз үлесін қоса бермек.
«Жасанды интеллектті ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану жолдары»
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIde2616b33cb
2026 жылдың 24 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия базасында «Жасанды интеллектті ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара «World Café» әдісі форматында өткізіліп, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алмасуына және заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын талқылауға арналды.
Шараның мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тәжірибесін насихаттау, сондай-ақ білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық әдістерді таныстыру.
Шара барысында қатысушылар үшін «AI and Me» атты сергіту жаттығуы ұйымдастырылып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. Кейін қатысушылар топтарға бөлініп, «World Café» әдісінің ерекшеліктерімен танысты.
Талқылау алаңдары үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бірінші үстелде жасанды интеллект құралдарының тыңдалым дағдыларын дамытудағы мүмкіндіктері мен шынайы сөйлеуді қабылдау қабілетіне ықпалы қарастырылды. Екінші үстелде оқылым барысында сыни ойлауды дамытудағы жасанды интеллекттің артықшылықтары мен шектеулері талқыланды. Ал үшінші үстелде сөйлеу дағдыларын дамытуда чат-боттар мен дыбыстау құралдарын пайдалану, сонымен қатар шынайы адамаралық қарым-қатынастың маңыздылығы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Топтық талқылаулар нәтижесінде қатысушылар ортақ шешімдер қабылдап, өз ұсыныстарын спикерлер арқылы көпшілікке таныстырды. Әр топтың қорытындылары ұсынылып, жасанды интеллект құралдарын ағылшын тілі сабақтарында тиімді қолдануға қатысты тың идеялар мен тәжірибелер ортаға салынды.
Шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар «Gallery Walk» және кофе-брейк барысында мұғалімдер талқылау нәтижелерімен танысып, бейресми жағдайда тәжірибе алмасты.
«Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» атты облыстық кейс-челлендж өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId43f0a33c58
2026 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық кейс-челлендж ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістер мен цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Бағдарлама аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді құралдар мен әдістерді таныстырды. Улукпанова Жанат «Enhancing English Lessons with AI Tools: From Visual Content to Interactive Speaking Activities» тақырыбында жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарын түрлендіру жолдарын көрсетті. Жәкен Нуркен «Using Artificial Intelligence in English Teaching: How to Write Effective Prompts» тақырыбында тиімді промпт құрастырудың ерекшеліктері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта қолдану тәсілдерін ұсынды.
Сонымен қатар, Ақжігіт Самал «Building an Interactive Learning Platform with Genially for English Teaching» тақырыбында Genially платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, интерактивті оқу ортасын құру тәжірибесімен бөлісті. Аманбекқызы Сағыныш «How Speaking Clubs Influence Students’ Confidence and Fluency in English Speaking» тақырыбындағы баяндамасында сөйлеу клубтарының оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне және өзіне деген сенімділігін арттыруға әсері туралы айтты.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар кейс-челлендж форматында топтық жұмыстар орындап, өз шешімдерін ұсынды. Әр топтың жұмысына талдау жасалып, өзара кері байланыс берілді. Талқылау барысында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер мен инновациялық тәсілдер ортаға салынды.
Облыстық кейс-челлендж педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге және ағылшын тілін оқытудағы жаңа идеяларды насихаттауға мүмкіндік берді.
«Ағылшын тілін үйретуге арналған интерактивті сабақ моделі» атты облыстық хакатон өткізілді
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdcb28eb5dd3
2026 жылғы 27 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде «Ағылшын тілін үйретуге арналған интерактивті сабақ моделі» атты облыстық хакатон ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ағылшын тілі пәнін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау, мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау, білім беру үдерісінде инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын талқылау.
Хакатон жұмысына облыстың білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасу алаңында өзара пікір бөлісті. Бағдарлама аясында бірқатар мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Гүлнұр Досмағанбетова мен Сезім Хамзаева «From passive to active: ағылшын тілі сабағын оқушыға бағыттау моделі» тақырыбында баяндама жасап, оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи оқыту модельдерімен бөлісті. «Заманауи ағылшын тілі сабағының құрылымы мен мазмұны» тақырыбында Серік Көпжан қазіргі сабақтың тиімді құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесін ұсынды. Сонымен қатар, Салтанат Узакбаева мен Ақмарал Максутова «Білім және жасанды интеллект: болашаққа бастар жол» тақырыбында баяндама жасап, білім беру саласындағы жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері мен оларды сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдарын таныстырды.
Сонымен қатар қатысушылар үшін «Talk Time» пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, тәжірибелік сұрақтар талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар рефлексия жасап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Облыстық хакатон ағылшын тілін оқытудағы жаңа тәсілдерді таныстыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының маңыздылығына тоқталды.
«Цифрлық дәуірде ағылшын тілін оқытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId0980307ea8
2026 жылдың 22 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында «Цифрлық дәуірде ағылшын тілін оқытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – педагогтердің цифрлық платформаларды тиімді пайдалану арқылы кәсіби дамуға деген ішкі ұмтылысын арттыру, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге бағытталған тәжірибелермен бөлісу.
Семинар бағдарламасы аясында мұғалімдер тәжірибелік сабақтар мен шеберлік алаңдарына қатысты. Нұргүл Исатаева қатысушылармен «Who am I» психологиялық тренингін өткізіп, жағымды жұмыс атмосферасын қалыптастырды. Сонымен қатар педагогтер ашық сабақтарға қатысып, оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігімен танысты. Нұргүл Исатаева 9 «А» сыныбында «A Story», Амангүл Толыбаева 8 «Б» сыныбында «The Pueblo People of the Four Countries», Алмагүл Таскинбаева 7 «А» сыныбында «Everyone is an Artist» тақырыптарында сабақтар өткізді.
Семинар барысында 7–11-сынып оқушыларының қатысуымен ағылшын тілінде STEM жобаларын қорғауға арналған ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Жұлдыз Жарылғасынова мен Айнұр Сабирбаева жетекшілік еткен бұл алаңда оқушылар өз жобаларын таныстырып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу бөлімінде Диана Степанова мен Сымбат Нұраш цифрлық платформаларды пайдалану арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту жолдарын көрсетті. Қатысушылар Story Book, Making Short Video, Fliki AI және Magic School платформаларының мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ барысында қолдану тәсілдерін талқылады.
Семинар соңында мұғалімдерге арналған «Quizizz» онлайн-викторинасы өткізіліп, қатысушылар рефлексия жасап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Қорытынды бөлімде семинар жұмысына талдау жасалып, цифрлық технологияларды қолданудың білім сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді. Облыстық семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіруге және ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ: ШЕБЕРЛІГІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdbb8afc9f26
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы білім беретін орта мектебінде көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту: шеберлігі мен әдістемесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, көркем еңбек пәнін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау, ұлттық өнер мен қолөнерді дәріптеу арқылы тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Кулмуханбетова Жанна Жұмабаевна құттықтау сөз сөйлеп, көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісіндегі маңызы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзектілігіне тоқталды.
Шара барысында мектеп психологтары Диханбаева Гүлжайнар Ерболқызы мен Жақыпова Шынар Абылқасымқызы «Әуен арқылы көңіл күй» психологиялық тренингін өткізіп, қатысушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
Семинардың практикалық бөлімінде Жармедетов Асет Қуанышұлы мен Серіков Нұрдәулет Нұрбекұлы «Ұлттық өнерді заманауи түрде дамыту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, ұлттық қолөнер элементтерін қазіргі шығармашылық жұмыстарда қолданудың тиімді жолдарын таныстырды.
Сонымен қатар, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Күздібаева Жанар Қалдымұратқызы «Органза матасында құрғақ киіз басу тәсілімен бұйым жасау» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жүргізіп, қатысушыларды сәндік-қолданбалы өнердің заманауи технологияларымен таныстырды.
Сондай-ақ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тоқтасынова Балсұлу Қайржанқызы «Эпоксидті смоламен ұлттық нақыштағы картина жасау» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырып, ұлттық ою-өрнектерді заманауи материалдармен үйлестірудің ерекшеліктерін көрсетті.
Шара барысында қатысушылар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, ұлттық өнерді жаңаша дәріптеу, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинар соңында Байғұтдиева Пания Дыңғалиевна мен Қуатова Балжан Сергеевна «Бір әсер – бір әдіс – бір идея» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, тәжірибеде қолдануға болатын жаңа идеялар мен әдістерді атап өтті. Іс-шара «Менің бүгінгі әнім» рефлексиялық әдісі арқылы қорытындыланды.
Облыстық семинар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және көркем еңбек пәнін оқытудағы заманауи технологиялар мен шығармашылық тәсілдерді тиімді қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
"Адал Азамат" бағдарламасы аясында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында тәрбие жұмысының
шығармашылық нысандары" тақырыбында облыстық семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId5c04316175
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша 2026 жылғы 24 сәуірде №20 мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Адал Азамат" бағдарламасы аясында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында тәрбие жұмысының шығармашылық нысандары" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: шығармашылық жұмыс түрлері арқылы әдебиет сабақтарының тәрбиелік әлеуетін іске асыру бойынша педагогикалық тәжірибені тарату. Семинардың модераторы ретінде Ақтөбе облысының әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева А.Қ. сөз сөйледі. Семинар барысында педагогтер "Адал Азамат" құндылықтарын шығармашылық тапсырмалар жүйесімен және заманауи білім беру технологияларымен интеграциялаудағы сабақтардың үзінділерін ұсынды.
Орыс классикалық әдебиетінің мысалында оқушылардың бойында адалдықты, жауапкершілікті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған "Әдеби батырлар соты", "Театр-форум" және "Батырға хат" тәсілдері көрсетілді. Ұсынылған тәжірибе әдебиеттің "Адал Азамат" бағдарламасының негізгі міндеттерін іске асыру үшін жоғары тәрбиелік әлеуетке ие екендігін растады. Олар оқушылардың құрмет, азаматтық, жауапкершілік және қарым-қатынас мәдениеті сияқты негізгі құндылықтарды дамытуға ықпал ететін әдістемелік олжалар мен әдістермен бөлісті. Мұғалімдер ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығын, оның өзектілігін және қазіргі білім беру практикасында қолдану мүмкіндігін атап өтті. Іс-шара кәсіби диалог, идеялар алмасу және шабыт атмосферасында өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeIdb36181298e
2026 жылғы 11 наурыз күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ассоциация жоспарына сәйкес №9 орта мектеп-гимназиясының коворкинг орталығында «AI-помощник учителя: сабақ жоспарларын құруда және тапсырмалар дайындауда нейрожелілерді қолдану» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ жоспарын дайындау, шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар құрастыру, оқу материалдарын тиімді ұйымдастыруда қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырды.
Педагогтер нейрожелілерді білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу және оқушылардың қызығушылығын арттыру бағытында өзара тәжірибе алмасты. Семинар практикалық жұмыстарға толы болып, қатысушыларға жаңа идеялар мен цифрлық құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.
Заманауи технологиялар – сапалы білім берудің жаңа мүмкіндіктері!
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId885fd85c5b
«Педагогтің авторлық бағдарламасы мен әдістемелік құралын әзірлеу алгоритмі»
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Педагогтің авторлық бағдарламасы мен әдістемелік құралын әзірлеу алгоритмі» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – педагогтерге заманауи білім беру талаптарына сәйкес авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды әзірлеу бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы «Авторлық материалдар мен әдістемелік құралдарды әзірлеу тәртібі: РОӘК талаптары және практикалық ұсынымдар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында авторлық материалдарды әзірлеудің нормативтік талаптары, құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ сараптамадан өткізу кезеңдері қарастырылды.
Семинар жұмысын жалғастырған Ақтөбе қаласындағы №78 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «педагог-шебер» Құдайбергенова Айғанша Асқарқызы «Авторлық материалды дайындаудағы әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Спикер авторлық жұмыстарды әзірлеудің тиімді жолдары мен оларды білім беру үдерісінде қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.
Практикалық бөлімде қатысушылар заманауи педагогикалық технологиялармен танысты. Құдайбергенова Айғанша Асқарқызы «Дарынды балалармен жұмыстың жаңа әдістері мен формалары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «педагог-шебер» Спағанбетова Гүлбану Зуфарқызы 11-сынып оқушыларына арналған «Оқыту өнері: Гарвард әдістемелері негізінде мәтінмен жұмыс жүргізудің педагогикалық шеберханасы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Қатысушылар мәтінмен жұмыс барысында сыни ойлау, талдау және оқу сауаттылығын дамытуға арналған заманауи әдістермен танысты.
Рефлексия барысында педагогтер семинар материалдарының тәжірибелік маңыздылығын, көтерілген мәселелердің өзектілігін және ұсынылған тәжірибені өз қызметтерінде қолдану мүмкіндіктерін атап өтті.
Семинар қорытындысында қатысушылар авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысты әдістемелік ұсынымдар алып, сапалы білім беру ресурстарын жобалау бағытындағы кәсіби құзыреттерін жетілдірді.
https://bilimaktobe.kz/kz/seminary-konferentsii-master-klassy#sigFreeId0250d49fd6
«Оқу сауаттылығын қалыптастыру: теориядан тиімді тәжірибеге»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес Ұ. Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі базасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Қаламқас Мұрзабекқызының «Оқу сауаттылығын қалыптастыру: теориядан тиімді тәжірибеге» тақырыбындағы облыстық шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатының мақсаты – оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық технологияларды меңгерту арқылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Іс-шараға қатысушыларды облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы және мектеп директорының орынбасары Ордина В. К. құттықтап, сәтті жұмыс тіледі. «Сүйікті кітаптар беттерімен» атты музыкалық ревю қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Шеберлік сағатының кіріспе-мотивациялық бөлімінде «Мәтінмен сұхбат: жаңалықтар аумағы» тренингі ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенді жұмысқа қызығушылығы арттырылып, шығармашылық орта қалыптастырылды.
Теориялық-практикалық бөлімде оқу сауаттылығын қалыптастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Теориялық блок барысында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері таныстырылып, оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту жолдары ұсынылды. Практикалық бөлімде аталған әдістердің қолданылуы көрсетіліп, мұғалімдер оларды тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.
Шара аясында Сергей Есениннің «Ақ қайың» өлеңі бойынша панорамалық сабақ өткізіліп, көркем мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары мен оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер ұсынылды.
Қорытынды бөлімде «Кәсіби жаңғырық» рефлексиясы өткізіліп, қатысушылар бірлескен жұмыстың нәтижелерін талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Олар шеберлік сағаты барысында ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға «Бізді туған күнге шақырды» атты сыныптан тыс іс-шара ұсынылып, онда оқушылардың коммуникативтік және оқу дағдыларын дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстар көрсетілді.
Шеберлік сағаты педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттауға және орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың сапасын арттыруға ықпал етті.

