АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі неліктен қажет екендігіне түсініктеме береді

БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржы және ақпараттық ағындарының бірыңғай әкімшісі және операторы. Ол заңнама талаптарына сәйкес салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерін көрсетуге міндетті.

БЖЗҚ өзінің заңнамалық міндеттерін іске асыру кезінде салымшылардың (алушылардың), олардың сенім білдірілген адамдарының, заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы/меншік иесі болып есептеледі. БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы)/сенім білдірілген адам/заңды өкіл өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді.

Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ тек мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) қажетті ақпарат алмасуды жүргізеді. Мысалы, егер салымшы жеке куәлігін жаңартқан болса, онда бұл деректер уәкілетті мемлекеттік органдармен деректер алмасудың арқасында БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты түрде өзектендіріледі. Салымшының деректері жеке тұлғаларға берілмейтінін ескертеміз.

Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері осындай алмасудың арқасында үнемі өзекті болып тұрады. Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін ерекше атап өткіміз келеді.

Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан оның құжаттары және (немесе) ақпараты мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде болған жағдайда көшірмелерін талап етпейді. Бұл БЖЗҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жедел және тиімді қызмет көрсетіп, алаяқтық фактілерін жойып отыратынын білдіреді.

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес дербес деректерді жинауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырады. Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында (7-бабының 1-тармағы) көзделген жағдайлар, мысалы, егер ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, дербес деректерді жинау және өңдеу әкімшілік құқық бұзушылық, атқарушылық іс жүргізу туралы істерді қозғайтын және қарайтын құқық қорғау органдарының, соттардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру үшін қажет,  мемлекеттік органдардың дербес деректерді статистикалық мақсаттар үшін оларды иесіздендірудің міндетті шартымен пайдалануы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар бұған жатпайды.

 Сондай-ақ, заңда кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi екендігі көзделген (11-бап 2-тармақ).  

Анықтама үшін: БЖЗҚ Басқарма төрағасының 04.04.2023 ж. № 302 бұйрығымен бекітілген "БЖЗҚ" АҚ жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесінде БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген БЖЗҚ тапсырмалары, өкілеттіктері, міндеттері егжей-тегжейлі көрсетілген (https://www.enpf.kz/kz/services/information/protection.php).

Осылайша, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған салымшылардың (алушылардың)/заңды өкілдердің/сенім білдірілген тұлғалардың дербес деректерін жинау және өңдеу БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерін сапалы көрсетуі мақсатында жүзеге асырылады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1