Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ
«Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId5c4db4d0d5
«АУЫЛ МЕКТЕБІ-САПА АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId8df023b505
«ТӘЖІРИБЕДЕН НӘТИЖЕГЕ: ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ДАМУ МОДЕЛІ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ 2026 жылғы 26 наурыз күні №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Тәжірибеден нәтижеге: тірек және магниттік мектептердің даму моделі»  атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.Семинардың негізгі мақсаты – тірек және магниттік мектептердің тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау және ауыл мектептерінің сапалы білім берудегі рөлін арттыру.Іс-шараға аудан мектептерінің педагогтері, әдіскерлер, мектеп басшылары мен жас мамандар қатысты. Семинар бағдарламасы мазмұнды тәжірибе сабақтарымен, шеберлік алаңдарымен, көрмелермен және шығармашылық бағыттағы жұмыстармен ерекшеленді.Семинардың ашылу бөлімінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исатаева Назигул Бакитовна мен координатор Кенжебекова Айнагул Нурбаевна «Ауыл мектебі – инновацияның орталығы» тақырыбында қатысушыларды қарсы алып, ауыл мектебіндегі заманауи білім беру мүмкіндіктеріне тоқталды.Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ақылбаева Алтынай Айбекқызы «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясындағы жұмыстар туралы баяндама жасады.Семинар барысында пән мұғалімдері түрлі бағыттағы ашық сабақ және дуэт сабақтарын өткізді. Атап айтқанда:  №4 Шұбарқұдық ЖББОМ физика пәні мұғалімдері Жанекешов Мейрамбек Андреевич пен Ташимова Маншук Кошымовна  «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тәжірибе сабағы; химия пәні мұғалімі Жумагалиева Алия Бериковна «Фосфор қышқылы және оның тұздары» онлайн сабағы;  география пәні мұғалімі Тлеумбет  Данагүл Бекболатқызы, информатика пәні мұғалімі Галымов Мирас Махмутович «Баламалы энергия – болашақтың энергиясы» география және информатика пәндері бойынша дуэт сабағы; тарих пәні мұғалімі Беккулова Жанымгуль Бегайдаровна,  информатика пәні мұғалімі Алимбаева Айгул Маратовна «Заманауи сабақ: тиімді әдіс тәсілдер мен цифрлық құралдарды сабакта пайдалану»  тарих және информатика пәндері мұғалімдерінің заманауи цифрлық құралдарды қолдануға арналған ықпалдастырылған сабағы;  математика пәні мұғалімдері Кереева Ақмарал Нұрлыбекқызы мен  Алтықарасу мектеп-балабақшасының мұғалімі Аязбаева  Дания Сериковнаның  «Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару» шағын жинақты мектеппен бірлескен сабақтары ұйымдастырылды.Семинар барысында қатысушыларға арналған «Real Touch» ғылыми және STEM жобаларының көрмесі, «Шығармашылық шеберханасы: идеядан жетістікке дейін» атты көрме алаңы үлкен қызығушылық тудырды.Педагог-психологтер ұйымдастырған «Жақсы көңіл күй – кәсіби табыстың негізі» психологиялық тренингі мен «Open Talk» ашық сұхбат алаңы еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, қатысушылар «АРТ студия: идеядан нәтижеге дейінгі шығармашылық процесс» таныстырылымын және «Абай тағылымы» театрлық қойылымын тамашалады.Семинар соңында тірек мектебінің директоры Салиев Сейтжан Аманжолұлы «Жүйелі жұмыс – сапалы нәтиже» тақырыбында қорытынды баяндама жасап, білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға тоқталды.Аталған семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру әдістерін жетілдіруге және ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId40848a4603
«ТАБЫСТЫ МЕКТЕП – ТӘЖІРИБЕДЕН НӘТИЖЕГЕ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ 2026 жылғы 12 ақпан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Табысты мектеп – тәжірибеден нәтижеге» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.Семинардың басты мақсаты – тірек және магниттік мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи білім беру тәжірибелерін насихаттау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және ауыл мектептерінің білім сапасын дамыту бағытындағы тиімді тәжірибелерді тарату болды. Іс-шараға Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер, мектеп директорлары мен жас мамандар қатысты. Семинар бағдарламасы тәжірибелік сабақтармен, шығармашылық алаңдармен, ғылыми жобалар көрмесімен және пікір алмасу алаңдарымен мазмұнды өтті. Семинардың ұйымдастыру бөлімінде қатысушыларға арналған «Күніңізді идеядан бастаңыз» атты Coffee Time ұйымдастырылып, еркін кәсіби қарым-қатынас алаңы құрылды. Салтанатты ашылу барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ақылбаева Алтынай Айбекқызы және аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласындағы заманауи өзгерістер мен ауыл мектептерінің әлеуетіне тоқталды. Сонымен қатар, педагог-психологтер «Бір команда – бір мақсат» тақырыбында тренинг өткізіп, ұжымдық ынтымақтастық пен тиімді коммуникация бағытында тәжірибе алмасты.Тәжірибелік бөлімде пән мұғалімдері ашық, кіріктірілген, онлайн сабақтар және шеберлік сағаттарын өткізді. Атап айтқанда: бастауыш және физика пәні мұғалімдері Бекпанова Арайлым Оразгаликызы, Әлібекова Рауия Қайратқызы,  Егдирова Молдир Тилеумаганбетовнаның «Электр тогын қандай денелер өткізеді?» тақырыбында кіріктірілген «Трио» сабағы;  химия пәні мұғалімі Ибраева Гульмира Сакеновна «Химиялық SPA-студия» шеберлік сағаты;  биология пәні мұғалімі Жолдасова Нұрсауле Болатовна  «Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері» онлайн сабағы;  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Домбаева Фатима Балмухамбеткызы және Айтбаев Өркен Беркенұлының  ұйымдастыруымен «Parasaт Quiz Show» интеллектуалдық сайысы;  математика пәнінен Жолан Айгерім Ағатайқызы, Дулат Әділет Рахатұлы  «Квадраттық функцияның көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбындағы дуэт сабақтары өткізілді.Семинар аясында қатысушыларға арналған креативті тәжірибе алаңдары да ұйымдастырылды. «Ғылым мен жасыл әлем» атты «Жасыл мектеп» жобасы, «Galaxy of Innovation: Мектептің ғылыми әлемі» көрмесі және «ArtLab: Трендтегі шеберлік әлемі» шығармашылық алаңы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.Симпозиум бөлімінде ауыл мектептерінің мүмкіндігі мен әлеуеті, тірек мектептердің рөлі, магнит мектептермен ынтымақтастық, сапалы білімге қолжетімділік және заманауи білім беру жобаларының ықпалы туралы өзекті баяндамалар ұсынылды. «Қауіпсіз болашаққа қадам» дефилесі мен «Кітап оқудың жаңа форматы: білім, бәсеке, мотивация» тақырыбындағы таныстырылым көпшілік назарына ұсынылды.Көшпелі семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар рефлексия жасап, «Бала тілі – бал» жобасы мен «Өнермен өрнектелген ынтымақтастық» шығармашылық бағдарламасы арқылы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Аталған облыстық көшпелі семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тірек және магниттік мектептердің тиімді тәжірибесін таратуға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналды.
«JAS талап» облыстық жобасы
«PISA SKILS: Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту»
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdc6d7d80f4d
2026 жылғы №83 жалпы білім беретін орта мектебінде педагогтерге арналған «Функционалдық сауаттылықты арттыру: STEM және PISA интеграциясы» тақырыбында workshop-семинар өткізілді.Семинардың ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері қатысушыларды құттықтап, workshop-семинардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Ол STEM білім беру тәсілдері мен PISA форматындағы тапсырмалардың білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлін атап өтіп, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуының білім сапасын арттырудағы маңызын ерекше атап өтті. Семинар практикалық бөліммен жалғасты.Семинар аясында «Эмоцияны анықтау» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг қатысушылар арасында жағымды ахуал қалыптастырып, мұғалімдердің бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді. Бұл бөлім қатысушылардың белсенділігін арттырып, шығармашылық жұмысқа оң серпін берді.
Семинардың негізгі мақсаты – STEM тәсілдерін оқу үдерісіне тиімді енгізу, PISA форматындағы тапсырмалар арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және өмірлік жағдаяттарды шешу дағдыларын дамыту бағытындағы тәжірибемен бөлісу болды.Іс-шара барысында мектеп педагогтері өз пәндері бойынша заманауи білім беру технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, STEM және PISA элементтерін сабаққа кіріктіру жолдарын көрсетті. Педагогтер қатысушыларға шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде ұсынды.Практикалық бөлімде мұғалімдерге математика мен жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктіре оқытудың тиімді жолдары ұсынылды. STEM технологияларын сабаққа енгізудің нақты үлгілері көрсетіліп, PISA форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, зерттеу дағдыларын және өмірлік мәселелерді шешу қабілетін дамыту жолдары талқыланды.математика пәні мұғалімі М.У. Умирбаева функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған есептерді ұсынса, З.С. Ешпанова мен Ы.М. Қараева жаратылыстану пәндеріндегі зерттеушілік тапсырмаларды ұйымдастырудың тиімді әдістерін көрсетті. Р.И. Уразова мен А.И. Ибраһимова сабақ барысында STEM жобаларын жүзеге асыру және PISA стиліндегі тапсырмаларды құрастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.Қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Кім жүйрік» атты сергіту жаттығуы ұйымдастырылды. Бұл бөлімде ұстаздар шағын тапсырмалар орындап, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасап, көтеріңкі көңіл күйде тәжірибе алмасты.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId02fe3943d9
Семинардың маңызды бөлімдерінің бірі – PISA стиліндегі тапсырмалармен жұмыс болды. Қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тәжірибелік тапсырмалар орындап, оларды сабақ үдерісінде қолдану жолдарын қарастырды. Практикалық жұмыстар оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға және өмірмен байланысты жағдаяттарды шешуге бағытталған тапсырмалар құрастыруға мүмкіндік берді.Семинар соңында рефлексия бөлімі өткізіліп, қатысушылар workshop-семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Педагогтер тәжірибе алмасудың тиімді болғанын атап өтіп, ұсынылған әдіс-тәсілдердің сабақта қолдануға өте пайдалы екенін жеткізді.Workshop-семинар қорытындысында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Іс-шара кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және жаңа идеялармен Сшабыттануына мүмкіндік берген мазмұнды білім алаңына айналды«Тәжірибе мен жаңашылдық үндестігі»: педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған облыстық семинар өтті
2026 жылы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында «Jas Talap» жобасы аясында «Тәжірибе мен жаңашылдық үндестігі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың әр өңірінен келген педагогтер, жас мамандар мен тәлімгер мұғалімдер қатысып, өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талқылады.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің озық іс-тәжірибесін тарату, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану аясын кеңейту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік ынтымақтастықты нығайту арқылы білім сапасын жетілдіру.Іс-шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының өкілдері қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөліне тоқталып, тәжірибе алмасудың кәсіби дамудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар «Jas Talap» жобасының мақсаты мен міндеттері таныстырылып, жас педагогтерді қолдау мен олардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасаудың өзектілігі сөз болды.Семинардың практикалық бөлімінде өңір ұстаздары өздерінің тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізді.№56 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.М. Утеуова мен Ә.Т. Нұғманова «Етістік, оның мағыналық түрлері» тақырыбын олимпиада ойындары арқылы меңгертудің тиімді әдістемесін көрсетті. Педагогтер сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және білімді тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған түрлі ойын элементтері мен белсенді оқыту тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар аталған әдістің оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігіне жоғары баға берді.№3 Қандыағаш мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.Қ. Нургалиева мен А.Б. Қорғанбай «21-ғасыр сабағы: әрекет, dialogue, нәтиже» тақырыбында заманауи сабақ үлгісін таныстырды. Шеберлік сыныбы барысында коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістер, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары және оқушының белсенді әрекетіне негізделген сабақ құрылымы көрсетілді. Педагогтер білім алушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ететін заманауи тәсілдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.А.Байтұрсынұлы атындағы лицей мектеп-гимназиясының мұғалімдері А.Н. Есенжолова мен А.С. Саменова «Synergy in Education: Effective Collaboration of Mentor and Novice Teacher» тақырыбында баяндама жасап, тәлімгер мен жас маман арасындағы кәсіби серіктестіктің маңызын жан-жақты талқылады. Олар тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың тиімді модельдерімен бөлісіп, жас педагогтердің кәсіби бейімделуі мен педагогикалық шеберлігін арттырудағы тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылар тәлімгерлік жүйені дамытуға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.Семинар барысында қатысушылар ашық пікір алмасып, білім беру үдерісінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Ұсынылған тәжірибелер мен әдістемелік жаңалықтар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, сабақ беру сапасын арттыруға және заманауи білім беру талаптарына сәйкес жұмыс жүргізуге бағытталды.Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар семинардың мазмұндылығы мен тәжірибелік маңызын ерекше атап өтті. Педагогтер өз жұмыстарына жаңа идеялар мен тың серпін алғандарын жеткізіп, осындай кәсіби алаңдардың тәжірибе алмасудағы рөлінің зор екенін айтты.Семинар аясында өз тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық белсенділік танытқан педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат олардың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесін және кәсіби қауымдастықтағы белсенділігін бағалаудың айқын көрінісі болды.«Тәжірибе мен жаңашылдық үндестігі» тақырыбындағы облыстық семинар педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, тәжірибе алмасу мәдениетін дамытуға, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі үздік педагогикалық идеяларды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берген маңызды әдістемелік алаңға айналды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdd5a1d94985
«Ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастыру» көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциация отырысы өттіАқтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастыру» көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект – мұғалімнің цифрлық көмекшісі» тақырыбында облыстық case-study семинар-практикум өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану арқылы педагогтердің цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін дамыту, заманауи технологияларды сабақ мазмұнына кіріктіру тәжірибесін тарату және мұғалімдердің кәсіби өзара әрекеттестігін нығайту.Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Жанна Кулмуханбетова қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның маңыздылығына тоқталды. Педагогтердің кәсіби дамуы мен инновациялық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері қозғалып, отырыс жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.
Отырыс барысында көркем еңбек пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстар ұйымдастырды.Ассоциация жетекшісі, Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Жұлдыз Каскирбаева ассоциацияның 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, «Өнер мен ғылымның тоғысуы: STEAM тәсілі» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жүргізді. Спикер STEAM технологиясының мүмкіндіктерін көрсете отырып, өнер мен инженерлік ойлауды сабақта тиімді үйлестіру жолдарын ұсынды.Тәжірибелік бөлімде Сәнім Кустубаева «Жасанды интеллект – білім берудің жаңа кезеңі» тақырыбында білім беру кеңістігіндегі жасанды интеллектінің атқаратын рөлі мен мұғалім жұмысына беретін мүмкіндіктеріне тоқталды. Сондай-ақ түрлі цифрлық платформаларды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті.Ә.Кекілбаев атындағы №72 IT мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі, ассоциация мүшесі Айгүл Жалмағамбетова «Көркем еңбек сабақтарында STEAM технологиясы», Исатай Тайманов атындағы мектеп гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі, ассоциация мүшесі Мадетхан Хымбат «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі: платформамен жұмыс тәжірибесі», №80 жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Асет Жармедетов «Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы заманауи әдістер» тақырыптарында тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.Ассоциация отырысы ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыру арқылы көркем еңбек пәнін оқытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап, мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін берді.
«Ментор-мектеп» облыстық жобасы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОИЫНША «МЕНТОР-МЕКТЕП» ЖОБАСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdfac55cff0e

2026 жылдың 5 маусым күні «МЕНТОР–МЕКТЕП» тәжірибе алмасу жобасы аясында 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Шараға білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, сондай-ақ ментор мектептердің директорлары қатысты. Барлығы 30 педагог қамтылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік аттестаттау рәсіміне дайындық жұмыстарын жүйелеу, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсету және ментор мектептердің қызметін үйлестіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткен тәжірибелі білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесі таныстырылып, оны сапалы жүргізудің тиімді тетіктері ұсынылды. Қатысушылар құжаттаманы жүргізу, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, білім беру процесін ұйымдастыру және материалдық-техникалық базаны жетілдіру бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі ретінде 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарына қолдау көрсететін ментор мектептер бекітілді. Ментор мектептер аттестаттаудан өтетін ұйымдарға әдістемелік сүйемелдеу жасап, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру, құжаттарды зерделеу, кеңес беру және практикалық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIda12e9f0792

2026 жылдың 23 қаңтар күні «МЕНТОР–МЕКТЕП» тәжірибе алмасу жобасы аясында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарына арналған «Білім беру ұйымдарындағы басқару құжаттарында жиі кездесетін кемшіліктер және оларды түзету жолдары»  облыстық семинары өткізілді.

Семинарға білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, барлығы 60 педагог қатысты.

Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды топтарға бөлу талаптары, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін іске асыру, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға қойылатын талаптар, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, білім беру процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелері түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.

«5Б» облыстық жобасы
«5 Б» Облыстық жобасында  екінші кезең әдістемелік қолдау Ырғыз ауданында жалғасуда
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId158453a47b
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру және алғашқы зерделеу барысында анықталған олқылықтардың жойылу деңгейін бағалау мақсатында Ырғыз ауданында облыстық «5 Б» жобасының екінші кезеңі бастау алды. Бұл жолы жұмыс жалғасын тауып, білім беру ұйымдарына қайта зерделеу жүргізу арқылы нақты әрі мақсатты әдістемелік көмек көрсетілуде.Жоба аясында педагогтер мен мектеп басшыларына кәсіби-әдістемелік сүйемелдеу ұйымдастырылып, алдыңғы кезеңде берілген ұсыныстардың орындалу деңгейі саралануда. Сонымен қатар оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған тиімді тәжірибелер қайта қарастырылып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін заманауи педагогикалық тәсілдер ұсынылуда.Екінші кезеңнің ерекшелігі — нақты нәтижеге бағытталу. Яғни, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, оқу жетістіктерінің деңгейі бақылау срездері арқылы анықталуда. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын жүйелі түрде жақсартуға мүмкіндік береді.Жобаның басты мақсаты өзгеріссіз — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқушылардың білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдарында тиімді әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdcf759984b8
ШОНАНҰЛЫ АТ.ЖОББМ«5Б» жобасы аясында 14 сәуір күні «Т.Шонанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ базасында шығармашылық топ мүшелерінің уймдастыруымен мектеп ұжымына воркшоп семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқу-тәрбие сапасын арттыру, педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру болды.Семинар барысында ең алдымен қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, бірлескен жұмысқа қолайлы орта құрылды. Бұл өз кезегінде ашық пікір алмасуға және еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.Темір ауданы №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Исатаева Назигул Бакитовна өз тәжірибесіне сүйене отырып, білім сапасын арттырудағы аналитиканың маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Ол нақты деректерге негізделген тиімді жұмыс тәсілдерін ұсынып, қатысушыларға практикалық бағыт-бағдар берді.Ақтөбе қаласы №75 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Румаганбетова Дамира Салиевна және №61 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді әдістерін таныстырып, сапалы сабаққа жетудің нақты тетіктерімен бөлісті.Сонымен қатар, №16 орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байжанова Гульбану Сериковна «Саналы тәрбие – сапалы болашақ» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тәрбие жұмысының бүгінгі қоғамдағы өзектілігін айқындады.Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, тың идеялармен толықты. Әр жқатысушы кәсіби дамуға жаңа серпін алып, өз қызметіне жаңаша көзқарас қалыптастырды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId34e668609b
«5Б» жобасы аясында 15 сәуір күні Ырғыз ауданы  Мамыр негізгі мектебінде «Білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру: педагог құзыреттілігі, бағалау жүйесі және оқушы қауіпсіздігі» тақырыбында мазмұнды мастер-класс өткізілді. Іс-шара барысында І. Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев педагогтерге «ҚМЖ жазу әдістемесі», «БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын тиімді құрастыру жолдары», сондай-ақ «Қазақстан Республикасы педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» бағыттары бойынша тәжірибелік ұсынымдармен таныстырды. Сонымен қатар №1 орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әділжанов С.Б. «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таңертеңгілік күтіп алу алгоритмі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.Мастер-класс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, бағалау сапасын жетілдіруге және білім алушылардың қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар тәжірибелік маңызы жоғары әдіс-тәсілдермен танысып, өзара пікір алмасу жүргізді. Шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор бұл семинар ұстаздарға жаңа серпін беріп, кәсіби дамуға бағытталған тиімді алаңға айналды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId5b71beaf8a
Білім сапасы және қауіпсіздік: Облыстық семинар-воркшоп өтті 5Б» облыстық жобасы аясында 13 сәуір күні Т. Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасында шығармашылық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын тиімді құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-воркшоп ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — педагогтер арасында бағалау тапсырмаларын құрастырудың ең тиімді әдістерін тарату және мұғалімдердің БЖБ мен ТЖБ сапасын арттыру бойынша әдістемелік құзыреттілігін шыңдау болды.Семинар барысында тәжірибелі спикерлер өз білімдерімен бөлісіп, практикалық бағыт-бағдар берді:І. Есенберлин атындағы №15 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев бағалау тапсырмаларын сапалы әзірлеудің «алтын ережелеріне» тоқталды. Ол география пәнінің маманы ретінде критериалды бағалаудың талаптары мен тапсырма құрастыру кезінде жиі кездесетін қателіктерді жіліктеп, талдап берді.Облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Қ. Әжібаева БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларының Күнтізбелік-тақырыптық жоспармен (КТЖ) және сабақ мақсаттарымен тікелей байланысын нақты мысалдармен негіздеп көрсетті. Спикер тапсырмалардың оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге сәйкес келуі шынайы бағалаудың негізі екенін баса айтты.Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмады. Ақтөбе қаласы №1 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б. Әділжанов оқушыларды таңертеңгілік күтіп алу алгоритмін таныстырып, қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығын түсіндірді.Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған нәтижелі алаңға айналды. Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, озық тәжірибелерді өз жұмыстарында қолдану үшін алдағы басымдықтарды айқындады.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIda606335fb9
«5б» жобасы аясында Ырғыз ауданында «Ашық есік» күні өтті«5Б» облыстық жобасы аясында Ырғыз ауданының білім беру ұйымдарында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, шығармашылық топ мұғалімдерінің шеберлік сыныптары өткізілді.Іс-шара барысында Т.Шонанұлы атындағы және Нарқызыл негізгі орта мектептерінде 8–9 сынып оқушыларына арналған «Тәжірибе арқылы таным» тақырыбында практикалық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар теориялық білімдерін химиялық тәжірибелер арқылы бекітті.Қарақұдық және Қарасай негізгі орта мектептерінде «ФО-Бокс Синектикс» құрылымы қолданылып, оқушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде  8-сыныпта «Космическая азбука» тақырыбында панорамалық сабақ өтіп, математика пәні мұғалімдері үшін олимпиада есептерін шығару жолдары тәжірибе алмасу алаңы болды.Б.Алманов атындағы мектепте қазақ әдебиеті пәнінен «Анасын сағынған бала. Аданған арман»,және математика пәнінен «Қарсы мәндес сын есімдер» тақырыптары бойынша ашық сабақтар көрсетілсе, М.Төлегенов атындағыжәне Т.Жүргенов атындағы мектептерде бастауыш сыныпқа арналған тәжірибелік сабақтар көрсетілді.Аталған іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, тиімді әдістемелік тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.Б.Алманов атындағы мектепте қазақ әдебиеті пәнінен «Анасын сағынған бала. Аданған арман»,және математика пәнінен «Қарсы мәндес сын есімдер» тақырыптары бойынша ашық сабақтар көрсетілсе, М.Төлегенов атындағыжәне Т.Жүргенов атындағы мектептерде бастауыш сыныпқа арналған тәжірибелік сабақтар көрсетілді.Аталған іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, тиімді әдістемелік тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId8da9741542
2026 жылғы 15 сәуір күні «5Б» облыстық жобасы аясында Б. Алманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Білім сапасын арттыру: жоспарлау мен нәтиже» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шығармашылық топ ұйымдастырған бұл іс-шара педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тиімді жоспарлау мен заманауи оқыту тәсілдерін тәжірибеге енгізуге бағытталды.Семинар барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға арналған нақты әдіс-тәсілдерді ұсынды. Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың маңызы, сондай-ақ сыныптағы қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды. Бастауыш сыныптағы мәтіндік есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады.Семинар соңында педагогтер өзара пікір алмасып, ұсынылған тәжірибелерге кері байланыс берді. Іс-шара білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді алаң ретінде ұстаздарға жаңа серпін сыйлады.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId38d0e23823
ҚҰМТОҒАЙ ЖОББМ«5Б» жобасы аясында Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебі базасында «Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жолдары» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шығармашылық топ ұйымдастырған бұл басқосу білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға арналды.Семинар шымылдығы «Тату көрші» тренингімен ашылып, қатысушылар арасында жылы қарым-қатынас пен сенімді психологиялық ахуал қалыптасты. Алғы сөзді Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Қ. Әжібаева алып, семинардың мақсат-міндеттерін айқындап, оның маңыздылығына тоқталды.Негізгі бөлімде Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №4 гимназиясының директоры Г.Н. Мусина «Заманауи білім беру жағдайында педагогтың кәсіби өзін-өзі жетілдіру жолдары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі М.А. Байбекова мен Темір ауданы Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының ұстазы Е.К. Имандосов «Бағалау – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, әріптестер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.Семинар аясында Темір ауданы Шұбарқұдық №4 жалпы білім беретін орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Токкожина «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын кеңінен таныстырып, қатысушылармен мазмұнды пікір алмасу жүргізді.Жиын соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор бұл семинар ұстаздарға жаңа серпін беріп, кәсіби дамуға бағытталған тиімді алаңға айналды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId2308d9420c
«BILIMCLASS» ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРМЕ14.04.2026 ж.күні М. Төлегенов атындағы ЖББОМ базасында мұғалімдерге электронды журналды тиімді пайдалану мақсатында практикалық семинарды шығармашылық топ жетекшісі Иргалиев Ержан Уразбекович өткізді.Семинардың негізгі мақсаты: «Bilimclass» жүйесімен жұмыс істеу барысында жиі жіберілетін қателер және оларды түзету жолдары. Семинар мұғалімдермен тікелей «сұрақ-жауап» ашық диалог форматында өтті.   Семинар барысында мұғалімдер өздерін толғандырған өзекті сұрақтарына нақты жауаптар алып, жүйемен жұмыс істеудің тиімді тетіктерін меңгерді.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdb213eb2cab
«5Б" жобасы аясында 2026 жылдың 16 сәуірінде Қарақұдық негізгі орта мектебінде «Құндылыққа негізделген сапалы білім мен тәрбие – оқытудың жаңа моделі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шара шығармашылық топтың ұйымдастыруымен өткізіліп, педагогтерге практикалық қолдау көрсетуге бағытталды.Семинар барысында Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы білім беретін орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж. Қобландина «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал оқу ісі жөніндегі орынбасары К.К. Жусупова «Заманауи мұғалімнің кәсіби шеберлігі» тақырыбында баяндама жасап, бүгінгі мұғалімнің тек білім беруші ғана емес, бағыттаушы, зерттеуші әрі жаңашыл тұлға ретіндегі рөлін айқындады. Сонымен қатар қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған тренинг ұйымдастырды.Д.Қонаев атындағы ЖББОМ-гимназиясының математика пәні мұғалімі Г.А. Садуакасова оқу мақсаты, бағалау критерийлері мен дескриптор құрудың тиімді жолдарын тәжірибе арқылы көрсетті. Ал №45 жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.М. Табулдинова Сингапур әдістерін сабақ барысында қолданудың тиімді тәсілдерін практикалық түрде таныстырды.Семинар қорытындысында ұстаздар өзара пікір алмасып, тың идеялармен бөлісті. Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқыту тәжірибесін жаңартуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Ырғыз ауданында «5Б» жобасының екінші кезеңінің қорытынды семинары өтті 17 сәуір күні Ырғыз ауданында бір оқу жылына созылған, білім сапасын арттыру мен педагогтердің біліктілігін көтеруге бағытталған «5Б» жобасының екінші кезеңінің қорытынды семинары ұйымдастырылды. Бұл жиын тек есеп беру алаңы ғана емес, озық тәжірибелерді саралап, болашаққа бағыт-бағдар айқындайтын маңызды кәсіби диалог алаңына айналды.Семинар барысында заманауи менеджмент, мектепішілік бақылаудың жаңа форматтары және «BilimClass» жүйесімен жұмыс істеудің тиімді жолдары талқыланды. Білікті мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, нақты алгоритмдер ұсынды.Сонымен қатар, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы, дарынды балалармен жұмыс және пәндік оқытудың озық әдістемелері практикалық тұрғыда көрсетілді. Шығармашылық топтың ұстаздары нақты сабақ үлгілері арқылы тәжірибе алмасты.Семинар соңында қатысушылар «3-2-1» әдісі арқылы кері байланыс беріп, шараның әдістемелік маңызын жоғары бағалады. Бұл жиын педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін берген маңызды алаңға айналды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdee125d364a
Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие сапасын арттыруға бағытталған облыстық «5Б» жобасы аясында Жерұйық негізгі мектебінде «5Б» жобасы – жұмысты бақылау, тиімді қолдау, жүйелі көмек» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында педагогтерге жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, бірлескен жұмысқа серпін берілді. Қатысушылар нормативтік құжаттарды әзірлеу, BilimClass платформасындағы тиімді лайфхактар және сабақта цифрлық білім беру ресурстарын қолдану жолдарымен танысты.Сонымен қатар қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді тәсілдері мен сабақ сапасын арттырудың нақты тетіктері ұсынылды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша да пайдалы идеялар ортаға салынды.Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен толықты. Қатысушылар кәсіби дамуға бағыт алып, өз жұмысына жаңаша көзқарас қалыптастырды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdff4f525afc
«Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер» семинарыОблыстық «5Б» жобасының II кезеңі аясында Алға ауданындағы Бесқоспа орта мектебінде «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында семинар өтті.Семинар барысында мектепішілік бақылау жоспарының орындалу талаптарымен таныстырылып, жаңа оқу жылына арналған МІБ жоспары құрылды. Негізгі назар – педагогтердің мектепте өз пәнінде оқытудың тиімді жолдарын айқындау, пәннің оқу бағдарламасына сай жұмыстануы мен білімді өмірмен байланыстыра отырып қолдануға бағытталды.Мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне жағымды эмоция мен оқыту тәсілдерінің үйлесімі – сапалы білім берудің жаңа қадамы
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdee125d364a
«5Б» жобасы: Қарабұлақтағы сапалы білімге бастар қадамБілім сапасын арттыруға бағытталған облыстық «5Б» жобасы аясындағы әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары Қарабұлақ мектеп-балабақшасында өз жалғасын тапты. 29 сәуір күні өткен кешенді зерделеу мен кәсіби қолдау іс-шарасы мектеп өміріне жаңа серпін беріп, педагогтердің тәжірибесін жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды.Жұмыс күні мектеп табалдырығынан-ақ басталды. Оқушыларды таңғы қарсы алу алгоритмі арқылы ұйымдастырылған жылы жүздесу мектеп ұжымындағы қолайлы психологиялық ахуалды айқын көрсетті. Мұғалімдердің мейірімі мен оқушылардың көтеріңкі көңіл күйі білім беру ұйымында қалыптасқан өзара сыйластық пен сенімге негізделген мәдениеттің нақты көрінісі болды.Зерделеу тобы оқу сабақтарына қатысып, педагогтердің кәсіби шеберлігіне жан-жақты талдау жүргізді. Негізгі назар сабақтың сапасын бағалауға ғана емес, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтап, оларды тәжірибеге кеңінен енгізуге аударылды. Әр сабақта оқушының белсенділігі, мұғалімнің ізденісі мен заманауи педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктері сараланды.Жоба аясында тәрбиелік бағыттағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Сарапшылар сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері, қоғамдық белсенділігі мен құндылық бағдарларының қалыптасуына оң баға берді. Бұл мектептегі тәрбие жұмысының жүйелі ұйымдастырылғанын және оның білім беру үдерісімен тығыз сабақтастығын көрсетті.Күннің жарқын сәттерінің бірі – көңілді үзілістер болды. Психологиялық сергітуге бағытталған бұл жұмыстар балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартып, олардың мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Осындай қарапайым әрі тиімді тәсілдердің өзі білім беру ортасының қолайлы болуына қызмет ететіні байқалды.«5Б» жобасының басты ерекшелігі – кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелмей, оларды жоюдың нақты жолдарын ұсыну және педагогтерге үздіксіз әдістемелік қолдау көрсету. Қарабұлақ мектеп-балабақшасында жүргізілген жұмыстар да осы мақсатқа толық сай келіп, білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және оқу-тәрбие үдерісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті.«5Б» жобасы – сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыратын, әрбір мектептің даму бағытын айқындайтын маңызды бастама. Осындай кәсіби қолдау мен тәжірибе алмасу алаңдары білім беру ұйымдарының тұрақты дамуына, педагогтердің кәсіби өсуіне және оқушылардың сапалы білім алуына берік негіз қалайды. Ұстаздың ұстанымын нығайтып, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Тоқмансай орта мектебінде «5Б» жобасы аясында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.Шараның негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетіп, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жаңа деңгейге көтеру болды.Семинар барысында қатысушылар жобаның басымдықтарымен танысып, оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру жолдарын талқылады.Практикалық бөлімде қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру, оқу мақсаттарына сәйкес дескрипторлар әзірлеу және тиімді бағалау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, заманауи платформалар мен жаңа әдіс-тәсілдер таныстырылып, дәстүрлі және заманауи сабақ үлгілері салыстыра талдалды.Шара аясында педагогикалық ұжымның ауызбіршілігін арттыруға бағытталған психологиялық ахуал қалыптастырылып, мұғалімдер өзара кәсіби тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап, ортақ мақсат — бірлік пен сенім арқылы жоғары нәтижеге бірге жету екенін атап өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId82d9600ae3
Әдістемелік қолдау – сапалы білім кепілі Облыстық «5 Б» жобасы аясында Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінде «5 Б жобасы аясында: әдістемелік қолдау және нақты нәтиже» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жолдары, оқу сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері, білім алушылармен жүйелі жұмыс жүргізу алгоритмдері, мектепішілік бақылаудың нақты құралдары қамтылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісіп, практикалық тапсырмалар арқылы кәсіби дағдыларын жетілдірді. Мұндай кездесулер – ұстаздардың кәсіби өсуіне серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId5aaf7a4b9e
Облыстық «5Б» жобасы: тәжірибе мен нәтижеге бастар тиімді алаң Көктоғай негізгі мектебінде облыстық «5Б» жобасы аясында ұжым болып ұйымдастырушылық пен білім сапасының оң нәтижесіне бағытталған тимбилдинг- оқыту алаңы өтті. «5Б жобасы: Бақылаудан — нәтижеге, тәжірибеден — жетістікке» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді қамтыды. Іс-шара барысында:-Сапалы жоспарлау – қысқа мерзімді жоспарды тиімді әзірлеудің жаңа тәсілдері мен тәжірибелік ұсыныстар;-Нормативтік құжаттармен жұмыс – білім саласындағы жаңартылған нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, құжаттарды сауатты жүргізу тәртібі және педагог қызметіндегі құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы тәжірибелік ұсыныстар;-Әдістемелік сүйемелдеу – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, сабақ сапасын арттыру, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша қолдау көрсету және тәжірибелік бағыт-бағдар берілді. Мұндай кәсіби кездесулер білім сапасын арттыруға, педагогтердің ынтасын күшейтуге және тәжірибе алмасу мәдениетін дамытуға үлкен серпін береді.Облыстық «5Б» жобасы аясындағы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жаңа идеяла Заманауи білім — жарқын болашақ кепілі: Өңірлік «5 Б» жобасы жаңа серпін әкелді Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің сапасын арттыру мен ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдау — уақыт талабы. Осы бағытта Ақтөбе облысы білім басқармасының бұйрығына сәйкес қолға алынған өңірлік «5 Б» жобасы аймақ ұстаздары үшін нағыз тәжірибе алмасу мен кәсіби өсудің бірегей алаңына айналды. Мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жаңа белеске көтеруді көздеген жоспарлы әдістемелік көмек көрсету жұмыстары Ақтөбе қаласының №4, №13, №14, №26, №29, №35, №42, №52, №57 және №67 мектептерінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты жүргізілді.Аталған ауқымды бастаманың негізгі өзегі — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың білім нәтижелерін жақсарту және білім беру ұйымдарында заман талабына сай сапалы білім ортасын қалыптастыру болды. Іс-шараның сәтті өтуіне алдын ала қала және аудан мектептерінің үздік мұғалімдерінен құралған арнайы шығармашылық топтың белсенділігі де зор ықпал етті. Жоба басталмас бұрын осы топ мүшелерімен Google Meet платформасы арқылы жүйелі нұсқаулықтар беріліп, нақты әдістемелік бағыт-бағдар айқындалды. Сондай-ақ Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Дина Узакбаевна Жаманбаева педагогтерді жобаның мазмұнымен және басты жадынамасымен егжей-тегжейлі таныстырып, алдағы жауапты жұмыстарға сәттілік тілеп, серпін берді.Әдістемелік кездесулер мен мазмұнды семинарлар барысында бүгінгі мектептің ең басты құжаты — сабақты қысқа мерзімді жоспарлаудың заманауи ұсынымдары кеңінен талқыланды. Әсіресе, ұстаздарға оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарын нақты әрі сауатты айқындаудың жолдары ретінде Блум таксономиясының иерархиялық моделі ұсынылып, қызу кәсіби диалогтар өрбіді. Мұнымен қоса, сабақ үстінде критериалды бағалаудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында бағалау критерийлері мен дескрипторларды құрастырудың ең тиімді әдістемелері нақты мысалдар төңірегінде терең түсіндірілді.Қазіргі мектеп тек дайын ақпарат беруші емес, оқушыны өмірге бейімдеуші орта. Сондықтан жоба аясында балалардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған ерекше тапсырмаларды әзірлеу жолдарына ерекше басымдық берілді. Сабақ барысында «ашық», «жабық», «сынақтан өткізен», «басқаға бағыттау» сұрақтарын қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары жан-жақты талданды. Озық тәжірибелерді ортаға сала отырып, талантты оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың төте жолдары мен ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастырудың қыр-сыры да назардан тыс қалмады.Уақыт ағымынан қалмай, заманауи білім беру трендтерін меңгеру мақсатында оқу пәндерінде жасанды интеллект платформалары мен құралдарын тиімді қолданудың жолдары таныстырылды. Педагогтерге ЖИ-ді сабақта пайдаланудың этикалық нормалары мен басты артықшылықтары туралы маңызды ақпараттар беріліп, арнайы әдістемелік жадынамалар үлестірілді. Әсіресе химия, физика секілді жаратылыстану бағытындағы пәндерде виртуалды лабораторияларды жүргізуге мүмкіндік беретін платформалардың қолданылуы практикалық түрде көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.Әдістемелік қолдаумен қатар, мектептердегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, сабақтардың өту сапасы, мектепішілік бақылау жүйесі мен цифрлық құжаттаманың талапқа сай жүргізілуі бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары қатар жүрді. Сабақтарға тікелей қатысу нәтижесінде анықталған жетістіктер мен кемшіліктер пән бірлестіктерінде ашық талқыланып, нақты да құнды ұсынымдар берілді. Біліммен бірге тәрбиені егіз ұстаған жоба аясында: Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға; Құқық бұзушылықтың алдын алу (профилактикалық) жұмыстарын күшейтуге; Ата-аналар мен мектептің өзара тығыз байланысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Атқарылған ауқымды жұмыстардың қорытындысы бойынша мектеп басшылықтары мен ұжымдары шығармашылық топ мүшелеріне көрсетілген кәсіби қолдау, озық тәжірибелермен және күнделікті жұмысқа қажетті пайдалы әдістемелік лайфхактармен бөліскендері үшін шынайы алғыстарын білдірді. Аталған жоба шеңберінде педагогтерге жүйелі әдістемелік қолдау көрсетіліп, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты тәжірибелік ұсыныстардың берілуі — аймақтағы білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге және педагогтердің шеберлігін арттыруға зор серпін бермек.

 

 

 

 

 
«Білім беру округтері» облыстық жобасы

«Білім беру округтері» облыстық жобасы

Тәжірибе алмасу алаңдары

Мұғалжар ауданында 29 сәуір «Білім беру округтеріндегі басқару жүйесі:үздік идеялар,тиімді тәжірибе,жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен «Магистрлер мектебі» жобасын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Семинарға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Дина Ұзақбайқызы және  облыстық аудандарынан өкілдер және ауданның білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.Семинар аясында Қандыағаш қалалық №3 мектеп - гимназиясынан бастау алған семинар ауданның білім беру ұйымдарында жалғасын тапты. Білім беру ұйымдары өз бағыттары бойынша үш алаңға бөлініп, тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.

«Бала әлемі:таным кеңістігі» -«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының озық іс-тәжірибелері.

     «Білім берудегі үздік тәжірибе:инновация мен дамудың үйлесімі» Қандыағаш қалалық №4 гимназиясында  тірек  және бекітілген магнит мектептерінің (Ы.Мұхамеджанов атындағы ЖББОМ, ТалдысайОМ, Сағашилі ОМ, Құмсай ЖББОМ, №59 мектеп, Еңбек НОМ)озық тәжіибелері үйлесім тапты.

«Мамандық пен қабілет-жарқын болашақ кепілі»-Қандыағаш қалалық өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде мектеп - балақша - колледж арасындағы сабақтастық.

«Қосымша білім:идея,шеберлік,құндылық» -Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінде аудандағы  аудандағы барлық қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстары көрсетіліп,семинардың жабылу салтанаты өтті.

«БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ»

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId3671f39879

2026 жылғы 22 сәуір күні Хромтау ауданы №4 Хромтау орта мектебі базасында аумақтық білім беру округінің облыстық қорытындылау семинар-практикумы өтті.

Педагогтерге білім беру мен тәрбиені үйлестіре отырып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шарада №5 аумақтық білім беру округінің тірек мектебі №4 Хромтау орта мектебі және оған қарасты магниттік білім беру ұйымдары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Теориялық бөлімде ХТКТЖК аға шебері А.У. Құрметбековна «Кәсіби бағдар берудің трансформациясы: біреттік акциялардан үздіксіз білім беру траекториясына» тақырыбында баяндама жасап, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі ұйымдастырудың маңызын, оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауына ықпал ететін тиімді әдістер мен үздіксіз білім беру траекториясын қалыптастыру жолдарын таныстырды. Сонымен қатар №2 Хромтау гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Ұлттық құндылықтар және олардың жастар тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңыздылығына, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің бірлескен жұмысына тоқталды. Ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеу арқылы тұлғаның рухани дамуын қалыптастыру жолдары қарастырылды.  Ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «От учения к воспитанию» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру үдерісінде оқытудан тәрбиелеуге бағытталған кешенді жұмыстың ерекшеліктерін таныстырды. Баяндама барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, әлеуметтік жауапкершілігін, көшбасшылық қасиеттері мен өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған тәрбие жұмыстарының тиімді тәжірибелері ұсынылды.

         Практикалық бөлімінде «Білім мен тәрбие: сенің ішкі GPS-ң» тақырыбында воркшоп өткізіліп, қатысушылардың жеке тұлғалық дамуы, өмірлік мақсаттарын айқындауы және дұрыс бағыт-бағдар таңдау мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында білім мен тәрбиенің адам өміріндегі маңызына назар аударылып, қатысушылар түрлі интерактивті тапсырмалар арқылы өздерінің құндылықтары мен мүмкіндіктерін саралады. Воркшоп жастардың жауапкершілік, көшбасшылық және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Семинар-практикумда ағымдағы оқу жылы бойынша жұмыс нәтижелері сараланып, заманауи оқыту әдістері, білім сапасын арттыру жолдары және тәрбие жұмысының тиімді үлгілері талқыланды. Қатысушылар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарына қатысып, өзара пікір алмасты.

«СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР СИНЕРГИЯСЫ: САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖАҢА МОДЕЛЬ»

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdd8766e03d0

2026 жылғы 23 сәуір күні Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясында аумақтық білім беру округінің облыстық қорытындылау семинары өтті.

Шараның мақсаты - білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдістерді талқылау болды.

Семинарда білім беру округі бойынша  тірек мектебі Шұбарқұдық гимназиясы  және оған қарасты магниттік №2, №4 мектептер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру үдерісіндегі тиімді серіктестіктің маңызы мен нәтижелері талқыланды.

Қопа жалпы орта білім беретін мектебінде “Adalo” платформасы негізінде жүзеге асып жатқан білім алушылар арасындағы буллинг пен суицидтің алдын алу, эмоционалдық көңіл-күйді бақылау мақсатында құрылған жоба жұмысы таныстырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныстар әзірлеп, жоба аясында байланысты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА АУМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОКРУГІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId226e24a73e

2026 жылғы 14 сәуірде Байғанин ауданындағы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп базасында «Интеграцияланған білім беру кластері: даму, дарын, болашақ» тақырыбында аумақтық білім беру округінің семинары ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар, тірек және шағын жинақты мектептер, қосымша білім беру ұйымдары мен техникалық колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайту, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, инновациялық оқыту тәжірибелерімен бөлісу және білім сапасын арттыру.

Семинар жұмысына ауданның білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары, педагогтері мен әдіскерлері қатысты.

Іс-шара аясында қатысушыларға оқушылардың ғылыми жобаларын ұйымдастыру тәжірибесі таныстырылып, «Ғылыми жұмыстар панорамасы» көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар қонақтарға мектеп тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында «Мектепке саяхат» ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Жалғас Нұрлыгүл Жалғасқызы мен Байғанин аудандық білім бөлімінің басшысы Дабыс Мұрат Қосайұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби әріптестіктің маңыздылығына тоқталды.

Бағдарлама аясында педагогтерге арналған «Жаңашыл мұғалім – өзгерістер бастауы» тренингі өткізіліп, мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен қосымша білім беру ұйымдарының мамандары тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Әуенді аспаптар әлемі» ансамблінің шеберлік сағаты, инклюзивті балалармен жүргізілетін ART-терапия технологиялары бойынша практикалық жұмыс ұсынылды.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдері таныстырылып, заманауи цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған «Қысқа метражды видеолар – SORA 2 платформасында» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді.

Семинардың маңызды бөлігінің бірі – дарынды балалармен жұмыс бағытындағы тақырыптық алаң болды. Мұнда «Дарынды балалармен жұмыстың 3D моделі: Диагностика – Даму – Дебют», «Дарынды балалармен жұмыс: тиімді әдістер мен нақты тәжірибе», «Пәндік олимпиадаға дайындаудың жол картасы» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Сондай-ақ қатысушыларға шығармашылық бағыттағы тәжірибелік жұмыстар көрсетіліп, «Түтінмен жұмыс» практикалық сабағы, ұлттық аспаптар оркестріндегі топтық орындаудың білімдік және тәрбиелік маңызы туралы шеберлік сағаты және қолөнер бұйымдарын дайындауға арналған «Шеберлік құпиялар» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Семинар қорытындысында білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мәселелері талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары белгіленді.

 

АҚТӨБЕДЕ «БІЛІМ БЕРУ ОКРУГТЕРІ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ РЕСУРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

   

2026 жылғы 10 сәуірде Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы базасында «Білім беру округтері – білім сапасын арттырудың негізгі ресурсы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – білім беру округтерінің жұмысын жүйелеу және тиімділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, сондай-ақ мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу.

Іс-шараға білім беру округтерінің жұмысына жауапты мамандар қатысып, білім беру ұйымдары арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Жалғас Нұрлыгүл Жалғасқызы және Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының директоры Ербозымова Мирамгүл Нұрлановна құттықтау сөз сөйлеп, білім беру округтерінің білім сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында «Ресурсты біріктіру – сапалы білімге жол: білім беру округтерінің мүмкіндігі» тақырыбында мазмұнды тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар білім беру ұйымдарының ресурстарын тиімді пайдалану, серіктестікті дамыту және ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолдарын талқылады.

Бағдарламаның тәжірибелік бөлімінде Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қобланова Армангүл Дастанқызы мен Берегенов Аңсат Қайратұлы «COLLAB алаңы» шеберлік сағатын өткізіп, ынтымақтастыққа негізделген оқыту тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері Мамбетжанова Дина Жанабаевна, Нияз Әсем Айсұлтанқызы, Қожан Сәуле Жанболатқызы және Аралбаева Ақерке Құралбайқызы «Тиімді сабақ – сапалы нәтиже» тақырыбында тәжірибелік жұмыстар ұсынып, сабақтың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи әдістерді таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Кері байланыс барысында білім беру округтерінің қызметін жетілдіру, тәжірибе алмасуды күшейту және білім сапасын арттыру бағытында ұсыныстар айтылып, іс-шара қорытындыланды.

Облыстық семинар педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибелерді таратуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

 

№6 АУМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОКРУГІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

2026 жылғы 3 ақпанда Ақтөбе қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей базасында №6 аумақтық білім беру округінің семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – аумақтық білім беру ұйымдарының кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу, білім беру сапасын біріздендіру және инновациялық тәжірибелерді енгізу.

Семинар жұмысына Ақтөбе облысының білім беру округтерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары мен педагогтері қатысты.

Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Жалғас Нұрлыгүл Жалғасқызы және Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Талғат Әбен қатысушыларға сәттілік тілеп, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында №6 аумақтық білім беру округінің жұмыс жоспары таныстырылып, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейіне бекітілген білім беру ұйымдарының озық тәжірибелері ұсынылды.

Семинар аясында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің педагогтері музыкалық білім берудегі өңірлік көшбасшылық тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық аспапта ойнауды үйретудің тиімді әдістерін таныстырды.

№9 мектеп-гимназиясының педагогтері «Сабақты зерттеу: талдаудан әрекетке дейін» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, Lesson Study тәсілін тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін көрсетті.

№51 мектеп-гимназиясының ұжымы «Sharyqtimes» жобасы, сапалы білім берудегі ынтымақтастық пен мотивацияның рөлі және оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған «Қазақша Quiz» жобасын таныстырды.

Педагогикалық тәжірибе алмасу алаңында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің мұғалімдері цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану бағытындағы жобаларын ұсынды. Атап айтқанда, «Құжаттарды автоматтандыру» жобасы, «Цифрлы интеллект – мұғалімнің серігі» және «Сервер – заманауи мұғалімнің ассистенті» тақырыптарында тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

Семинар қорытындысында қатысушылар білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайту, озық тәжірибелерді тарату және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады. 

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId53acb81ba8

Алға ауданы №3 Алға орта мектебінің базасында «ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ – ЦИФРЛЫ ДӘУІР ПЕДАГОГІ» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – білім сапасын арттыруда аумақтық білім беру округтеріне әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту.

Іс-шараға Алға, Әйтеке би, Байғанин, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының білім беру округтерінен педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында білім беру ұйымдарының даму тәжірибелері, инновациялық педагогикалық шешімдер, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқыту үдерісінде қолдану, VR технологияларының білім берудегі рөлі, мектеп пен колледж, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар TEDkids форматындағы таныстырылымдарға, шеберлік сыныптарына, подкаст алаңдарына қатысып, озық тәжірибелермен танысты.

Пленарлық отырыста білім беру саласындағы заманауи үрдістер мен цифрлық трансформация жағдайындағы педагогтің рөлі кеңінен қарастырылып, қатысушылар арасында кәсіби пікір алмасу ұйымдастырылды.

Семинар қорытындысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылданып, өңір педагогтерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін маңызды алаң қалыптасты. 

«Мобильді көмек» облыстық жобасы
 
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: облыстағы сапалы білім берудін жаңа моделі» облыстық жобасының 2026 жылға арпалғап жылдық Ж О С П А Р Ы

«Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің рөлі: теория және тәжірибе» атты облыстық шебер-класс өтті

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId2425ebd5d4

2026 жылдың 30 сәуір күні «Келешек мектептері» ұлттық жобасы: облыстағы сапалы білім берудің жаңа моделі» облыстық жобасының жылдық жоспарына сәйкес «Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің рөлі: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.  Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін ашу, тиімді оқыту стратегиялары мен тәжірибелік тәсілдерді ұсыну арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу.

Іс-шара аясында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұржанат Икласова «Gamification: ойын элементтері арқылы оқылымды қызықты ету» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, ойын технологияларының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігін тәжірибелік тапсырмалар арқылы таныстырды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзифа Куспанова «Storytelling арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында bootcamp өткізіп, әңгімелеу технологиясын қолдану арқылы мәтінді түсіну, интерпретациялау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту жолдарымен бөлісті.

Шебер-класс барысында қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жасады. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, педагогтер оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Облыстық шебер-класс педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтауға және қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» атты облыстық кейс-челлендж өтті

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId5dd2bc0b1b

2026 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық кейс-челлендж ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістер мен цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Бағдарлама аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді құралдар мен әдістерді таныстырды. Улукпанова Жанат «Enhancing English Lessons with AI Tools: From Visual Content to Interactive Speaking Activities» тақырыбында жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарын түрлендіру жолдарын көрсетті. Жәкен Нуркен «Using Artificial Intelligence in English Teaching: How to Write Effective Prompts» тақырыбында тиімді промпт құрастырудың ерекшеліктері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта қолдану тәсілдерін ұсынды.

Сонымен қатар, Ақжігіт Самал «Building an Interactive Learning Platform with Genially for English Teaching» тақырыбында Genially платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, интерактивті оқу ортасын құру тәжірибесімен бөлісті. Аманбекқызы Сағыныш «How Speaking Clubs Influence Students’ Confidence and Fluency in English Speaking» тақырыбындағы баяндамасында сөйлеу клубтарының оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне және өзіне деген сенімділігін арттыруға әсері туралы айтты.

Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар кейс-челлендж форматында топтық жұмыстар орындап, өз шешімдерін ұсынды. Әр топтың жұмысына талдау жасалып, өзара кері байланыс берілді. Талқылау барысында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер мен инновациялық тәсілдер ортаға салынды.

Облыстық кейс-челлендж педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге және ағылшын тілін оқытудағы жаңа идеяларды насихаттауға мүмкіндік берді.

«Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігі» тақырыбында облыстық семинар

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIddffc8207bd

2026 жылдың 22 сәуір күні «Келешек мектептері» ұлттық жобасы: облыстағы сапалы білім берудің жаңа моделі» облыстық жобасының жылдық жоспарына сәйкес «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бағытындағы тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың мазмұны мен ерекшеліктерін талдау, тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау және педагогтердің тәжірибе алмасуы арқылы оларды білім беру үдерісінде қолдану жолдарын жетілдіру.

Семинар аясында пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен практикалық баяндамалар ұсынды. Математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Абдуллаева 7 «А» сыныбында «Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды көрсетті.

География пәнінің мұғалімі Айнагүл Ыбыраева 7 «Ә» сыныбында «Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылым» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың зерттеушілік және талдау дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсынды.

Тәжірибе алмасу бөлімінде химия пәнінің мұғалімі Индира Орынқұлова «Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы химиялық эксперименттің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, зертханалық жұмыстардың білім сапасын арттырудағы маңызын атап өтті. Физика пәнінің мұғалімі Гүлнұр Әлниязова «Цифрлық физика зертханасы» тақырыбында заманауи цифрлық құралдардың физика сабақтарындағы мүмкіндіктерін таныстырса, биология пәнінің мұғалімі Саяжан Темірханова «Биологиялық құбылыстарды эксперимент арқылы визуализациялау және оның білім сапасына әсері» тақырыбында тәжірибелік жұмыстардың тиімділігімен бөлісті.

Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амангелді «Жасанды интеллекттің жаратылыстану сабақтарында қолданылуы» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект құралдарын жаратылыстану бағытындағы пәндерде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар рефлексия жасап, ұсынылған тәжірибелер мен әдістемелік идеялар бойынша пікір алмасты. Іс-шара барысында жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу мен қолданудың тиімді жолдары талқыланып, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды.

Облыстық семинар білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың зерттеушілік және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдістерді насихаттауға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал етті.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId6e869fdcd1

2026 жылдың 4 наурыз күні Ақтөбе облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы аясында Ақтөбе қаласындағы № 84 жалпы білім беретін орта мектебінде әдістемелік күн ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Білім беру ұйымдарында коллаборативті орта құру тетіктері» тақырыбында тренинг өткізіліп, қатысушылар тәжірибе алмасты. Қонақтарға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылып, білім беру үдерісіндегі жобалар мен көрме жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар білім ордасында жүзеге асырылып жатқан «Абай – дара, Абай – дана», «ProМамандық: адал азаматтың кәсіби жолы», «АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ», «Ойна да, ойла!», «84 LIFE STUDIO» жобалары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқушылардың физика, химия, биология және жаратылыстану бағытындағы зерттеу жұмыстарының көрмесі ұсынылды. Іс-шара мектептің шығармашылық, зерттеушілік және кәсіби даму бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетті. 30ға жуық педагог қатысты.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdf08551c7f0

  2026 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы орта білім беретін мектебінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында білім берудегі жаңашылдық пен тәжірибені ұштастырған облыстық педагогикалық тәжірибе алаңы өтті.

Тәжірибелік алаңына химия, биология, физика, математика, информатика пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға «Ғылыми-инновациялық экспозиция» көрмесі таныстырылып, келешек мектептердегі заманауи зертханалық құрылғылардың қолданылуы практикалық тұрғыда көрсетілді. Тәжірибе алаңға 30ға жуық педагог қатысты.

«Шеберлер шыңы» облыстық жобасы
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId0d46398fc9

2026 жылдың 19 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес «Физика сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында педагог-шеберлер А.Мазинова, Б.Есенғали PISA форматындағы тапсырмаларды сабақта тиімді қолдану, өмірлік жағдаяттарға негізделген есептер құрастыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында ғылыми жобаға даярлау әдістемесі, жаратылыстану сабақтарында өмірмен байланысты тапсырмаларды пайдалану және оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Бұл шара физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи оқыту тәжірибелерін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdcb01067204

2026 жылдың 19 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес «Белсенді стратегиялар: тарихи ойлау және функционалды сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында педагог-шеберлер Ж.Куанова, Ш.Утегенова, К.Смадияр тарих сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында тарихи сауаттылықты қалыптастыру, ақпараттық қоғам жағдайындағы тарихи ойлау, функционалдық сауаттылықты дамыту және AI құралдарын сабаққа кіріктіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Әдістемелік алаң тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи оқыту тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId80cf14dd51

2026 жылғы 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес «Оқытудағы цифрландыру: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Цифрлық білім беру кеңістігіндегі жаңа мүмкіндіктерге арналған іс-шарада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-шеберлер Базарғалиева Баян, Жанұзақова Торғын, Анафияева Гүлсара, Матигулова Жанна, Нұрғали Ақнұр, Бердембаева Гүлзира жасанды интеллект құралдарын сабақ мазмұнына кіріктірудің тиімді жолдарын талқылады.
Семинар барысында SAMR моделі, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруға арналған Synapp.online платформасы, Canva, Edoox.com, Socrative сияқты цифрлық ресурстар мен оқушы қызығушылығын арттыруға бағытталған AI технологиялары бойынша практикалық тәжірибелер ұсынылды.
Әдістемелік алаң мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын заманауи форматта ұйымдастыруға және инновациялық тәжірибелерді өзара бөлісуге мүмкіндік берді.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIda9fc74217a

2026 жылғы 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес «Оқушының тілдік құзыреттілігін арттырудағы заманауи тәсілдер» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Іс-шараның мақсаты – мұғалімдерге оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған заманауи, практикалық әдістерді таныстыру және тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету. Шебер-класс барысында  Роза Улыкпанова жетекшілігімен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект, Gemini нейрожелісі, SMART-сабақ және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану бойынша практикалық тәжірибелер ұсынылды. Аталған әдістемелік алаң педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдерді меңгеруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIde99ef3689b

2026 жылдың 8 мамырында Хромтау қаласындағы №7 мектеп-гимназиясында «ББЖМ негізінде құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және заманауи талаптарға сай құзыретті тұлға қалыптастырудың тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерін мұғалімдер арасында тарату.
Семинар барысында педагог-шеберлер Шалқаргүл Тажмағамбетова, Ғалия Сарина, Маржангүл Нугиманова, Балжан Қуандықова, Гүлнұр Құрманбаева ББЖМ тапсырмаларының ерекшеліктері, оқу, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Ақтөбе қаласындағы №46 орта мектептің мұғалімі Тәжмағамбетова Шалқаргүл Тоқтамысқызы бастауыш мектеп пәндеріндегі күрделі тақырыптарды меңгертудің тиімді тәсілдерін таныстырса, Шалқар ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Сарина Галия математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің мұғалімі Нұғыманова Маржангүл ББЖМ форматындағы тапсырмалардың ғылыми сауаттылықты қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
Семинар аясында Ақтөбе қаласындағы «Smart Bilim» мектеп-гимназиясының мұғалімі Қуандыкова Балжан мәтінді түсіну және талдау дағдыларын бағалау тәсілдерін ұсынды. Ал Хромтау қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құрманбаева Гүлнұр оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған мәтінмен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерін бөлісті.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId743ef98a4e

27.02.2026ж. «The Modern Foreign Language Teacher: Competencies and Professional Development» тақырыбында облыстық шебер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін заманауи талаптарға сай жаңарту, инновациялық әдістерді тәжірибеге енгізу және үздіксіз кәсіби даму бағыттарын айқындау.
Шебер-класс барысында ағылшын тілі пәні педагог-шеберлері Мария Раева,Ләззат Жиенбаева іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар әдеби шығармаларды салыстыра оқыту тәжірибесімен, мұғалімнің эмоционалдық әл-ауқаты және оқушы белсенділігін арттыру жолдарымен танысты. Практикалық мазмұндағы баяндамалар педагогтерге өз тәжірибесіне сыни көзқараспен қарап, оқыту сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdd04bd56b5d

2026 жылдың 26 ақпан күні М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында пән мұғалімдеріне арналған «Құзыреттілікке бағытталған бағалау: оқыту сапасын арттырудың тиімді тетігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің құзыреттілікке негізделген бағалау жүйесін тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру, оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау және үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Практикалық бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, география, тарих және ағылшын тілі пәндері бойынша 9 педагог-шебер ашық сабақтар, шеберлік сағаттары және тәжірибе алмасу алаңдары арқылы құзыреттілікке бағытталған бағалаудың тиімді тәсілдерін көрсетті. Мақсатқа бағытталған сабақ құрылымы, контекстке негізделген тапсырмалар, нақты дескрипторлар жүйесі арқылы ұйымдастырылған оқу үдерісі, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тәсілдер, сондай-ақ шеберлік сыныптарындағы пәндік олимпиадаға дайындық пен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері шара мазмұнын тереңдете түсті.
Облыстық семинар-практикум педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, бағалау мәдениетін жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған үздік тәжірибелерді таратуға мүмкіндік берді.

{gallery/school/24/{/gallery}

2026 жылдың 23 ақпанында Ақтөбе қаласындағы М.А. Ермеков атындағы №23 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Использование стратегии технологии развития критического мышления на уроках музыки» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға қатысушылар білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәжірибелермен танысты.
Музыка пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Мухина Марина Александровна «Сыни ойлау стратегияларын пайдалану» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, аталған технологияның білім алушылардың талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытудағы тиімділігін көрсетті. Практикалық бөлімде қатысушылар сыни ойлау стратегияларын сабақта қолдану жолдарын талқылап, тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Семинар аясында педагог-шебер Мухина Марина Александровна құрастырған «Песня – верный друг мой навсегда» әндер жинағының тұсаукесері өткізіліп, автордың шығармашылық жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар «Кофейный штрих под звуки музыки» атты кофетерапия элементтері арқылы ұйымдастырылған шығармашылық алаң қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Облыстық семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, шығармашылық пәндерді оқытудағы тиімді тәжірибелерді таратуға және сыни ойлауды дамытуға бағытталған заманауи әдістерді насихаттауға ықпал етті.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdc5f386e842

2026 жылдың 28 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы «Smart Bilim» жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «STEM білім беру технологиясын бастауыш сыныпта пайдалану» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, білім беру үдерісінде STEM технологиясын тиімді қолдану тәжірибесімен танысты.
Шебер-кластың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Сарсенова Ақгүл Корешокқызы сөз сөйлеп, STEM білім берудің оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімі педагог-шебер Ауданбаева Жұмагүл Маймановна «Дыбыстың шағылуы деген не?» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, STEM технологиясының элементтерін сабақ мазмұнына кіріктірудің тиімді жолдарын көрсетті. Практикалық бөлімде STEM білім беру технологиясын бастауыш сыныпта пайдалану, тәжірибеге негізделген тапсырмалар мен зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін таныстырды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, STEM бағытындағы заманауи оқыту құралдарын қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, педагогтер шебер-класстан алған әсерлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Облыстық шебер-класс мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу тәжірибесін жетілдіруге және STEM білім беруді насихаттауға ықпал етті.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId11fadcc9ea

2026 жылғы 22 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы жас мамандарға арналған «PISA Skills: білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту» тақырыбында облыстық workshop-семинар өтті. Семинардың мақсаты – жас педагогтердің PISA форматындағы тапсырмалардың құрылымы мен бағалау критерийлерін меңгеруіне жағдай жасау, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған сабақтарды тиімді жоспарлау жолдарын көрсету.
Семинардың негізгі бөлімінде №83 ЖББОМ математика пәні мұғалімі М.У. Умирбаева, Хромтау ауданы Табантал орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі З.С. Ешпанова, Ш. Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ биология магистрі М.Х. Тапаева, №83 ЖББОМ химия пәні мұғалімі Р.И. Уразова және география пәні мұғалімі А.И. Ибраһимова «Математика-жаратылыстану пәндерінің тақырыптарын PISA дағдыларын дамытуға бейімдеу» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктерін түсіндіріп, пәндік мазмұнды өмірлік жағдаяттармен байланыстырудың тиімді жолдарын көрсетті.
Практикалық бөлімде қатысушылар PISA форматындағы тапсырмаларды әзірлеу, бағалау критерийлерін қолдану және білім алушылардың зерттеу, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді тәжірибе жүзінде орындады.
Workshop-семинар жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, PISA талаптарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіруге және жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdd469029107

2026 жылдың 3,4 наурыз күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес педагог-шебер санатына үміткерлер мен біліктілік санатын растаушы педагогтерге, жауапты әдіскерлерге арналған «Аттестацияға мақсатты дайындық: педагог-шебердің табысты портфолиосы мен нәтижелі тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік әдістемелік практикум өткізілді. Шараның мақсаты – педагогтердің аттестаттауға дайындық деңгейін арттыру, авторлық материалдарды әзірлеу және іс-тәжірибені жүйелеу бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Әдістемелік практикум барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Сәрсенова Ақгүл Қорешокқызы «Педагог-шебер санаты: кәсіби өсу мен педагогикалық тәжірибені тарату» тақырыбында педагог-шебер санатына қойылатын талаптар, тәжірибені жинақтау мен рәсімдеудің тиімді жолдары, авторлық бағдарламаларды әзірлеу, сараптамадан өткізу және республикалық деңгейде ұсыну талаптары, сондай-ақ аттестаттау үдерісіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар қатысушылар сарапшы рөлінде жұмыс жасап, ұсынылған портфолио материалдарын бағалау, сараптамалық қорытынды жасау және бағалау критерийлерін қолдану бойынша топтық практикалық тапсырмалар орындады.
Педагог-шебер Ұлықпанова Жанат Мақсатовна кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, портфолионы жүйелі жинақтау, нәтижелерді дәлелді ұсыну және аттестаттауға сапалы дайындалу бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Іс-шара аясында педагог-шеберлер мен үміткерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік өнімдерді әзірлеу, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне кіріктіру, кәсіби дамуды жоспарлау және аттестаттауға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзекті сұрақтар төңірегінде тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды.

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeId06ae2bb8e1

2026 жылдың 20 сәуір күні Оқу-ағарту министрлігінің 25.02.2025 жылғы №32 бұйрығы бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар негізінде «РОӘК мақұлдаған авторлық бағдарламаларды республика деңгейінде тарату: педагогтердің озық тәжірибесін жүйелеу және трансляциялау» республикалық шарасы өтті.
Тәжірибені тарату барысында Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бойынша 91 педагог өз авторлық бағдарламаларын таныстырып, озық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар 4 бағыт (тілдер және оқу сауаттылығы, жаратылыстану- математика, мектепке дейінгі ұйым, бастауыш, психология, цифрлық білім мен инновация) бойынша ұйымдастырылып, білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер мен инновациялық тәжірибелер кеңінен талқыланды.

Ақтөбе облысы бойынша педагог-шеберлер  мәліметі

View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/proekty#sigFreeIdc0b3ff75c3

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Шеберлер шыңы» жобасының жылдық жоспарына сәйкес педагог-шебер санатын растайтын және үміткерлердің тәжірибесін тарату мақсатында «Шеберлік феномені: тәжірибе мен жаңашылдық» тақырыбында республикалық практикалық семинар өтті.
Ресми бөлімде Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Әсел Қадырова «Авторлық материал» тақырыбында баяндамасын жасап, педагогикалық тәжірибенің мәні мен маңызын ашып көрсетті. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ақгүл Сарсенова «Шеберлік баспалдағы» тақырыбында кәсіби дамудың кезеңдері мен тиімді жолдарын ұсынды.
Семинарға еліміздің әр өңірінен қатысушы педагогтер жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және эстетикалық бағыттар бойынша шеберлік сыныптары мен практикалық көрсетілімдерін ұсынды. Педагогтер заманауи білім беру технологиялары, жасанды интеллект мүмкіндіктері, цифрлық платформалар мен авторлық әдістемелерді қолдану тәжірибесімен бөлісті, нақты әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби тәжірибесін арттырды. Шараға әр түрлі өңірлерден 176 педагог қатысты.

«Үздік педагог - үздік тәжірибе» облыстық жобасы
Joomla Plugins

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT